Әже


Өмірімнің шуағы болған асыл әжем. Баласынбай барын берген, ас-ауқатымызды дайындап, қас-қабағымызға қараған алтын адам. Гауһар тас. Таңданған, қуанған, қайғырған кездегі жүзің әлі күнге есімде. Анамыздан үнемі «ұрма» деп қорғайтын))) қарның ашады деп керсен кесеге шұбат, не айранды толтырып, ішіне таба нанын турап «іш, тауыс» деп жанымызға жүрелеп отырып алып күтетін. Тауыссаң, ал кеп мақтайды. Сол мақтауға бола, ішім керілгенше тауысып ішіп алатын едім. «Ал, енді ойнай ғойыңдар» деп далаға ойынға жіберетін. Күнде кешке әжем кеспе тамақ немесе ет асатын. «Түуу, бүгін тағы да ет па?» деп өзімізше боп қалғанда, әжем «тәйт әрі, аш болсаң, боқтарыңды жерсіңдер» деп тыйып тастайтын. Ашаршылықты көрген, соғыс зардабын тартқан әжем үшін біз айтатын сөз, ең қорқынышты сөз. Тамақ ішіліп болады. Тауыссақ тауыстық, тауыспасақ жартылай қалдырамыз. Әжем «жаманнан жарты аяқ ас қалады» деп зілсіз ренжіп алады да, табақ ішін қолмен тазалауға кіріседі, алдымен барлық табақты жалап тамақтан тазартқан соң ыстық сумен жуып, жақсылап тазалап сүртіп қояды. Сондай тазайын кісі еді. Сыпырмай қаққанды ұнататын. Үнемі қолынан ұршық түспейтін. Қолы қалт ете қалса бізге киіз бастыру үйретіп, шұлық-қолғап тоқуға баулитын. Тезек теруге жіберіп, үйдің сыртын қаралап, ақтауға ат салыстыратын. Қар шығаратынбыз. Осындай қара жұмысқа салса да әжем бізді «күйіп қалады» деп қазан-ошаққа араластырмады. «Құлап қалады» деп балабақшаға да жібертпеді. Анам үнемі жұмыста, бізге қарау мен үйдің барлық тауқыметі бір басына түсіпті. Немерелерін жақсы көрмеді емес, жақсы көрді ғой, тек мейірімін үшеумізге көрсететін. Алдымен барын бізге беретін еді жарықтық. Өсіп,ақыл тоқтатқан соң бір білдік қой, қамкөңіл болмасын деп көңілімізге қарайды екен-ау, әрі «жиен назары» деген xалық дәстүрін ұстанған екен. Әжемнің арқасында, нағашыларым мен ауылымның арқасында жетімдік дегеннің не екенін 1 грамм да сезінбедік. Ақ орамалы мен камзолы әлі күнге көз алдымда. Тойдан келе жатқанда алдынан құлдыраңдап құстай ұшатын едік. Сол баяғы алдымен жылы — жұмсақтар 3-еуімізге тиетін еді. Қазір кейде нағашыларымнан ұяламын. Әже маxаббатын біз тартып алғандай көрінеді кейде маған. Бірақ, біз осы маxаббаттың арқасында ер жеттік.

Кешегі оқиға

Кешегі оқиға есімнен кетер емес. Бір шаруалармен базар жаққа барғанмын. Аптекада дәрі сатып тұрған қыз «көйлегіңіз әдемі екен» деп мақтады да,» көзім өтіп кетер,  тфә-тфә» деп түкіріп жатты. Түріне қарасам әп-әдемі жас қыз. «Көзіңіз өтетін адамға ұқсамайсыз ғой» дегемде, «бір қыз айтып еді, жаңадан етік алып едім, бір адам көріп мақтады да, есіктен шыға бере құлап қалдым деп, солай болмасын дегенім ғой» деп әзілдеп күлді. Continue reading

Бүгінгі өткен күн!

Күн өтті. Өмірімнің тарихындағы тып-тыныш күн тым-тырыс болып өте шықты. Осылай өтеді. Өзімен бірге болған маған бір рет қана көрініп тастап кете барады. Кейде қол бұлғап, кейде елеусіз шығарып салып жатамын. Көңілім қинал деп үгіттейді, жүрегім шүкіршілік ет деп сабыр береді. Көңіл «мұңай, жылап ал» дейді, жүрек «неге мұңаюың керек, АЛЛАНЫҢ берген сыйлығы деп біл осы күнді» дейді. Әәәйй, мен осы жүректің айтқанын тыңдаймын. Сол ғана дұрыс айтады. Continue reading

Ерке қыз!

IMG_0428 Бүгін ерке қызымыздың, Нұрқыздың  туылған күні! Дүниеге келгелі АЛЛАҒА шүкір, 5 жылды зымыратып өткізіп жіберіппіз. Ұл болады деп күтіп, қыз болып туылғанын естігенде папасы телефонда үндемей қалған. Қазір осы қызына тең келер ешкім жоқ. Басынан құс ұшырмайды. Айтты, бітті, заң. Ол президент, папасы премьер министр деп сырттарынан қалжыңдаймыз. Ерке, тым ерке. Осы ерке қызымыз 5 жасқа толды. Қуанышты. 5 жаста өзін үлкейіп кеткендей сезініп жүр. Өсуге асығады. Кезінде біз де осылай армандап едік-ау! Continue reading

Достық.

     Изображение 109Абай атамыз «Махаббатсыз дүние бос» деп дәл айтып кеткен. Осы сөздің кішкентай аясына Махаббат деген ұлы түсінік сыйып жатыр. Анаға деген махаббат, Әкеге деген махаббат, бауырға, балаға, жарға деген махаббат, мына әлемге деген махаббат, өмірді сүйген махаббат, барлығы дерлік өмірді құрап тұрған тамаша сезімдер. Осылардың ішінен ойып тұрып орын алар тағы бір махаббат бар, ол-Достық, досқа деген адал ниет. «Жүз теңгең болғанша 100 досың болсын». Менде 100 дос жоқ, бірақ 100 досқа татыр 10 досым бар. Continue reading

Бойым өссін деп емес, ойым өссін деп тілейік.

IMG_0820 Осыдан 5 жыл бұрын агентке қосылғанмын. Баста өте қызық болды. Достар болып агентте жата жастана «жататынбыз». Кейін ойындарды үйрене бастадым. Бильярд, Морской бой деп таңға дейін отыратынмын. Сенесіз бе, осылай 2 жыл «агенттегі өмірім» сырғып өтті. Одан кейін, Continue reading

Баға беріңіз …

Откен жазбамда екінші рет сабын жасау процесіммен  бөліскенмін. Енді, міне, солардың нәтижелерін көрсетуге асығып отырмын.  Екі күн кешіктім, өйткені тағы бір басқа ойларым болатын, соларды қағаз бетіне түсіргенше асықтым. Аяқтадым. Енді сүйікті күнделігіме қайта оралдым. Өз қолынан шыққан затты кім жаман десін, менің өз ісіме көңілім толып тұр. «Сырт көз — сыншы», сіздер баға беріп көріңіздер: Continue reading

Балалықтың шала ісі ме еді?

213249-svetikОсы сайтқа қойылатын  туған күн, тойларға арналған  сценарийлер бөлімін  дайындап отырғанмын, есіме балалық кезімізде көшеде құратын қызықты сценарийлеріміз түсіп кетті. Ол кез ең тәтті кез еді. Уайым-қайғысыз, болашақта барлығы тек  жақсы болатынына сенген, ата-анамызға сенген аңғал да ойын қуған алаңсыз кез. Ауылдағы мен тұрған көше ұзын көше болатын, бізбен қатар тағы да ұзын көше болатын, міне, сол екі көшенің балалары ойынға шыққанда құмырсқадай қаптап кететінбіз. Continue reading