Достық.

     Изображение 109Абай атамыз «Махаббатсыз дүние бос» деп дәл айтып кеткен. Осы сөздің кішкентай аясына Махаббат деген ұлы түсінік сыйып жатыр. Анаға деген махаббат, Әкеге деген махаббат, бауырға, балаға, жарға деген махаббат, мына әлемге деген махаббат, өмірді сүйген махаббат, барлығы дерлік өмірді құрап тұрған тамаша сезімдер. Осылардың ішінен ойып тұрып орын алар тағы бір махаббат бар, ол-Достық, досқа деген адал ниет. «Жүз теңгең болғанша 100 досың болсын». Менде 100 дос жоқ, бірақ 100 досқа татыр 10 досым бар. Continue reading

Студент кездегі оқиға.

Студент кез тамаша кез екен-ау?! Жастық кез. Албырт шақ. Жалындап тұрған кез. Нұргүл досыммен бірге оқыдым. Бірге тұрып, бір нанды бөліп жеп, бірге сабаққа барып, бір партада отырдық. Сабақтан жиі қашатын қос қашқын  қыз да болдық. Экономикада оқысақ та театрдың бізді қалай тартқанын қайдам театрдағы қойылымдарға бола да қашып кете беретінбіз. Тақа болмаса базар аралаймыз. Біз білмейтін базардың бір тесігі де қалмаған болар. Қай жерде не сатылады, қаншаға сатылады, бәрін білдік-ау осы. Жарайды, бұл өзі өз алдына бір мақала. Менің айтқым келгені басқа оқиға болатын. Continue reading