Керек екем!

080_ev044cНегізі бұл жазбаны кеше жазуым керек еді. Сансыз себептеріммен бүгінге қалып қойды. Сонымен…

Мен өзімді кейде керексіз жандай сезінетінмін. Кіммін? Не үшін өмір сүрудемін? деп сұрақ қойып алып, » адам болып өмір сүру үшін», «жақсылық жасау үшін», «ұрпақ жалғастыру үшін» деген сансыз жауаптарды алдыма кесе-көлденең тоссам да, біреуге қажеттілігімді еш сезіне алмайтынмын. Күнде тұрасың, шәй жасау, төсек жинау, түскі ас, үй жинастыру, киім жуу, балалардың сабағын оқыту, т.с.с. жұмыстар. Оны барлығы да жасай алады емес пе? Тағы не үшін керекпін өзі деп сұрақ қоя-қоя соңында «әй, қойшы осы» деп миымды он ораған ойды лақтырып жіберетінмін. Бірақ, ол ой ізімнен қалмайды, ертеңіне тағы есік қағып келіп тұрады. Тағы жіберем, тағы келеді. Содан ол кеше өзі кетті. Ойда жоқта. Қанша уақытқа кеткені әзірге белгісіз. Continue reading

Кім мүгедек болды сонда?

31387        3 баламен паркке бардым. Армансыз ойнадық-ау. Біраз қалтаны да қақтық. 2-3 сағат зырылдап өте шықты. Қайтар кезде автобусқа мінуге тура келді. Барлық орын бос емес екен. Артқы есіктен кірген бізге бір жас бала орын берді. Ол орындарға таласа-тармаса ұлым мен қызым отырып алды. 2 жасар ұлымды көтерген күйде тұрдым да қалдым. Айналама көз тастасам,  кілең  40-тың қырқасына шыққан кісілер, жас жігіттер, апайлар отырды. Continue reading