Қуанайық Аналардың барына.

StjhWvnIoKk

 

Анасы жоқ баланың суреті. Анасына деген сағынышы, аяқ киімін шешіп жатқан құрметі. Ешкім оны құшақтамаса да, жылуы жоқ сурет болса да, өзін ана құшағында жатқандай сезінуде. Бұл сурет  ғаламторда  өте танымал болып тұр. Қаншама адам таратып, қаншама адам аяушылық сезім білдірсе де анасының қайта келмейтіні анық. Тек қана осы үлкен құрмет пен сағыныштан туындаған суреттің өзінен Анамыз барда сыйлап қалу керек деген сабақ алуға болады.

Бала ойым.

IMG_2327Бала кезіміз болатын. Сөздің ауыспалы мағынасын білмей, барлығын тура мағынада түсінетінбіз. «Оқудан құлап қалыпты» деген сөзді естігенде құлаған адамды қатты аяйтынмын. Маған оқудан құлау деген баспалдақтан құлады деген мағына беретін. Қалай құлады екен, қатты ауырмады ма екен, құлайтын жерге неге барады деп ойлайтынмын. Әй, балалық-ай! Continue reading

«Біссіміллә»…

Қорықсақ та, ас аларда да, бір істі бастарда да «біссіміллә» сөзін кейбіріміз айтамыз, кейбіріміз айтпаймыз. Бүгін Ислам дініндегі бала тәрбиесі туралы кітапша оқып шықтым. Бала тәрбиесінің басы баланы дүниеге әкелерден басталады екен. Істің басы- біссіміллә сөзі. Біссімілләмен басталған баланың иманы бар, әдепті бала болатыны айтылыпты. Бұл- баланың алғашқы алатын тәрбиесі. Келесі тәрбие, азан шақырып ат қою, оң құлағына азан шақырылып, сол құлағына қамат айтылған баланы шайтан көп азғырмайды екен. Үшіншісі, Continue reading

Баға беріңіз …

Откен жазбамда екінші рет сабын жасау процесіммен  бөліскенмін. Енді, міне, солардың нәтижелерін көрсетуге асығып отырмын.  Екі күн кешіктім, өйткені тағы бір басқа ойларым болатын, соларды қағаз бетіне түсіргенше асықтым. Аяқтадым. Енді сүйікті күнделігіме қайта оралдым. Өз қолынан шыққан затты кім жаман десін, менің өз ісіме көңілім толып тұр. «Сырт көз — сыншы», сіздер баға беріп көріңіздер: Continue reading