Archives

Керек екем!

080_ev044cНегізі бұл жазбаны кеше жазуым керек еді. Сансыз себептеріммен бүгінге қалып қойды. Сонымен…

Мен өзімді кейде керексіз жандай сезінетінмін. Кіммін? Не үшін өмір сүрудемін? деп сұрақ қойып алып, » адам болып өмір сүру үшін», «жақсылық жасау үшін», «ұрпақ жалғастыру үшін» деген сансыз жауаптарды алдыма кесе-көлденең тоссам да, біреуге қажеттілігімді еш сезіне алмайтынмын. Күнде тұрасың, шәй жасау, төсек жинау, түскі ас, үй жинастыру, киім жуу, балалардың сабағын оқыту, т.с.с. жұмыстар. Оны барлығы да жасай алады емес пе? Тағы не үшін керекпін өзі деп сұрақ қоя-қоя соңында «әй, қойшы осы» деп миымды он ораған ойды лақтырып жіберетінмін. Бірақ, ол ой ізімнен қалмайды, ертеңіне тағы есік қағып келіп тұрады. Тағы жіберем, тағы келеді. Содан ол кеше өзі кетті. Ойда жоқта. Қанша уақытқа кеткені әзірге белгісіз. Continue reading

Естелік.

seconddimensionbycelsojunior1n   Бала кезімді сағынамын. Күнде емес әрине. Кей кездерде ғана. Бала шағым есіме түссе, әдемі балалық шақ тек менде ғана болғандай болады.

Оймауыт деген шағын ауылда өстім. Ауылдың шетіндегі ұзын екі көшеде бала көп болатын. Әр үйден кем дегенде ойынға 3 бала шығады. 2 көшенің 30 шақты үйінен 2-3 баладан шыққанда қанша екенін өзіңіз ойлай беріңіз. Ал кеп қызу ойын басталады. Continue reading

This entry was posted on 01.02.2016.

Кім кінәлі?

кім кінәлі Күн суық екен. Қысқы аяз бетті қарып барады. Сабақтан шығам дегенше де қас қарайып үлгеріпті. Көше шамдары ғана жол нұсқап тұр. Мектептен жолға қарай жүрген балалар мен ата-аналар қарасы сиректеу. Есесіне машиналар қарасы көптеу. Жолға дейін ілесіп жетіп алсам деп жүрісін жылдамдатып қояды. Аздан соң арқадағы сөмкесі де ауырлығын сездіре бастады. Қайта-қайта қоқаң еткізіп бір сілкіп көтеріп алады да жүрісін жалғастырады. Осылай ентіге жолға да жетіп алды. Енді арғы бетке өту керек. Ағылған машина. Баста қорқатын. Кейін оған да үйрене бастады. Кей кезде үлкен адамдар жетектеп өткізіп жіберіп те жатады. Бүгін машина аз сәтін пайдаланып арғы бетке жүгіріп өтіп алды. Continue reading

This entry was posted on 15.01.2016.

Не көтеріп жүрміз?

философия4

Жаңалық қарасақ та, ғаламтор ашсақ та  жағымсыз жаңалықтар мен  келеңсіз оқиғалар туралы көп жазылады. Күнде бір атыс-шабыс, күнде кісі өлтіру, баласын тастаған ана,  басқасын жасаған әке, әйтеуір не керек жан түршігерлік оқиғалар жаға ұстады. Теларналар мен газеттер осындай жағдайларды қайдан тауып, қайдан ала қояды деп таң қаласың. Шындығында бұл өзі жаңалық па? Менің ойымша, жаңалық тек жақсы жағдайда ғана жаңалық болса керек. Құлағыңды елең еткізіп, жаныңа жылулық сыйлап, жап-жақсы ниеттерге көзге жас үйірілетіндей сүйкімді болса, бұл жаңалық. Әлемде жоқ жаңа зат ашылса, бұл жаңалық. Ауруға ем табылса, бұл жаңалық.  Той болатын болса, бұл жаңалық. Қысқасы, жақсылықтардың баршасы жаңалық. Жаңа деген түбірдің өзі жаңалықтың не екенін өзі айтып тұрған жоқ па? Continue reading

Алғысым шексіз!

Алғысым шексіз!

Қайғырған кездер! Мұң шалған көздер! Шарасыз кейіп! Жігерсіз қадамдар! Көздегі әлсіз үміт! Бәрі маған таныс сезімдер! Осы сезімдерден соң жарқырап күн туатыны, жарқырап күлу мен жадырап жүру де таныс сезімдер! Осының бәрін көруіме себепші, ол- адамдар! Солардың баршасына алғыс айтқым келеді.
Мені жылатқан жандарға зор алғыс! Шын жылауды, жылаған соң жеңіммен жасымды сүртуді үйрендім. Қуаныштың қадірін білдім.
Болашағымнан еш үміт күтпеген, оны келіп бетіме айтқан жандарға да рахмет! Continue reading

This entry was posted on 21.12.2015.

Күнделік.

catalog_item_image_2259

Әрбір ертеңгі күн бейне бір ақ парақ. Ашылып жатқан аппақ жүзді, еш жазылмаған, бүлінбеген тап-таза. Ешқандай мәлімет те, белгі де бермейді. Түпсіз тұңғиыққа тіреліп, ойсыз әлемге әкеледі. Өйткені, онда ештеңе жазылмаған.Аппақ. Көз қарығады. Сәлден соң қарай-қарай жалығасың ба, қалай өзі? Көңіліңде сайраған белгісіз шым-шытырықты ақ қағаз бетіне салғың кеп кетеді. Көңілдің не демегін көргім, оқығым келгеннен болар. Сосын ойланым қалам… Қолым жүрекке қаншалықты бағынады? Сәл отырып, Continue reading

This entry was posted on 19.12.2015.

Ғибратты әңгіме екен!

скачанные файлы (1)

 

Құрбақаны ыстық суға лақтырса, не болады? «Бұл жерден дереу кетуім керек» деп құрбақа жылдам шешім қабылдайды да тездетіп судан тысқары секіріп кетеді.

Ал егер дәл осы құрбақаны салқын суға салып, астынан баяу от қойса ше? Құрбақа әлсірей бастайды. Судың жылуын сезе бастаған құрбақа: «Маған кішкене жылулық артық етпес, жылына тұрайын» деп ойлап, рахаттанып жата береді. Мұның соңы сумен бірге қайнап, құрбақаның пісіп кетуіне әкеледі.

Ақиқатында, бұл өмірде барлығы кішігірім нәрседен басталып, жинала береді. Қарыздар, күнәлар, артық салмақ, денсаулықтың нашарлауы, білім, ауқаттылық. Күнделікті ұсақ-түйекті жете бағаламауға болмайды. Адам заты дүниенің алма-кезек екендігін әсте естен шығармаған абзал. ummet.kz

This entry was posted on 11.05.2015.

images-14

Төмендегі жайт Келлог Бизнес Скулдың (Норзвестерн университеті) жұмыс басқару магистранттары мен «Уақытты бағындыру» сабағының профессоры арасында болған. Continue reading

This entry was posted on 31.01.2015.

Қуанайық Аналардың барына.

StjhWvnIoKk

 

Анасы жоқ баланың суреті. Анасына деген сағынышы, аяқ киімін шешіп жатқан құрметі. Ешкім оны құшақтамаса да, жылуы жоқ сурет болса да, өзін ана құшағында жатқандай сезінуде. Бұл сурет  ғаламторда  өте танымал болып тұр. Қаншама адам таратып, қаншама адам аяушылық сезім білдірсе де анасының қайта келмейтіні анық. Тек қана осы үлкен құрмет пен сағыныштан туындаған суреттің өзінен Анамыз барда сыйлап қалу керек деген сабақ алуға болады.