9-ақпан. Тіс дәрігері (стоматолог) күні

Құттықтау:
Ауырса тісің баратын,
Ауыртпас укол салатын.
Тісіңді емдеп алғыс ап,
Дәрігер ісі дара тым.
Мереке келді мереке,
Аттасын аппақ береке.
Қолдардан қуат кетпесін,
Етпесін дұшпан келеке.
Алғыс болсын алғаның,
Той ғана болсын барғаның.
Абыройлы іс жасап,
Атағың ассын, арланым.

Құттықтау:
Ауырғанға созған көмек қолдарын,
Стоматолог болсын алтын тондарың.
Мерекеден мерекеге жетумен,
Шатты болсын, тәтті болсын жолдарың.

Құттықтау:
Алғыс алған кішіден де, кәріден,
Адал ісі артық тұрар бәрінен.
Стоматолог құтты болсын мейрамың,
Әр мейрамың өтсін сәтті сәнімен.
Отбасыға, өмірге бақ тілеймін,
Ғұмырыңда көрінбесін дүлей күн.
Дәрігердей аяулы атты көтеріп,
Биік белес шығарсыншы күн игің.