8-қараша. Статистика күніне.

Есеп-қисап тергені,
Ұшан-теңіз еңбегі.
Статистик мамандық
Мейрамының келгені.
Құтты болсын бұл мейрам,
Абыроймен жыр жиған.
Өркендесін жақсылық
Несібеге мол құйған.
Сандар айтсын жақсылық,
Бастарыңа бақ шығып.
Еңбек жансын жұлдыз боп,
Әрбір күнді жақсы қып.

 

Таңдаулы да мамандық.
Мақтаулы да мамандық.
Статиске сәттілік
Тілейміз тағы амандық.
Санағаны мың сандық,
Еңбектері сыр сандық.
Мерекеде бақ тілеп
Сізге арнап жыр салдық.
Жана берсін еңбектер,
Еңбекпенен өнбек жер.
Ел үшін еткен қызмет
Әдемі өмір өрнектер.