7-мамыр. Авиаторлар күні

Ұшқан құспен таласа,
Көгінде аспан шалқиды.
Тұлпары болып ұшағы
Қойнында гүлі аңқиды.

Сан тарау жолдар салады,
Мөп-мөлдір аспан көгінде.
Ұшқыштар ұшып барады
Қазақстан төрінде.

Шет-шетінен батырлар,
Атойлап алға шабатын.
Аспан астын, жер үстін
Қорғауға нық алатын.

Құтты болсын, ағалар,
Ұшқыштар мынау мейрамың.
Жеңістерің көп болсын
Өлеңнен сыйлық сыйладым.

 
Формасы қандай әдемі батырға лайық жарасар,
Күлкісімен әдемі күн нұры келіп таласар.
Отырды келіп ұшаққа салмақшы көкке жазулар
Ұшқыштай батыр жандармен бар адам сыйлап санасар.

Отаны оның сүйгені, қалауы тыныш күн болсын,
Ойнасын дейді балалар, әдемі түсті түн болсын.
Ел үшін еткен еңбегі еленсін әркез ұшқыштың,
Мадақталып ерлігі, құшағына гүл толсын!