6-шілде. Астана күніне.

Аспанға өрлеген үйлері,
Күлімдеп күн көзі сүйгені.
Астана жас қала, бас қала,
Бастайтын ең басқы күймені.

Жарқырап өтетін түндері,
Балқып ақ өтетін күндері.
Еліме бақ қала болшы тек
Тек бақыт сыйлайтын гүлдері.

Елімнің бағына өркенде,
Айналғын көз тартқан өркенге.
Әлемге танымал болған соң,
Қалғанын өзіңдей көркемде.

Өзіңдей болсыншы бар қала,
Қарайсың сонда сен паңдана.
Дәл сендей мың қала сап құрсын,
Қазақтың жерінде жандана.

This entry was posted on 25.12.2015. Bookmark the permalink.

Обсуждение закрыто.