6-сәуір. Ғылым күніне.

Өркендеген ғылым дәні ғалыммен,
Білімімен мыңды жыққан арынмен.
Ғарышқа да қадам басқан жетістік
Әуелі АЛЛА, сосын ғалым дарынмен.
Бүгін мейрам құрмет етер ғалымға,
Ғалымдарым болсын бақыт бағында.
Жылдан жылда жаңалықты көп ашып,
Ойлап жүргін қалың жұрттың қамын да.

Дін ғылымсыз, ғылымсыз дін бола алмас,
Шын ғылымның бағын жеген оңалмас.
Тарбиесі тал бойынан көрінген,
Шын ғалымды ешбір тоқпақ шаға алмас.
Қазағымның шын ғалымы өрлесін,
Кеудедегі білім нұры сөнбесін.
Лайлап жүрген ғалымсымақ істері
Нағыз ғалым жігерін еш жеңбесін.
Ғылымымен жеңбек керек заманда,
Нағыз ғалым керек біздің ғаламға.
Қазағыма даналардан көп керек,
Қол жеткізсек мамыражай заманға,
Сол үшін де ғалым керек әманда.