5-маусым. Экологтар күніне

Таза дала, таза ауа тілегі,
Экологтар саулық тілеп жүреді.
Мейрамында құрметті мамандықтың
Біз тілейік таза болсын жүрегі.
Таза болсын, мөлдір болсын күндері,
Тек шаттыққа толы болсын түндері.
Мейрамының 100-ін тойлап эколог,
Жеңісіне сыйлансын қыр гүлдері.

Эколог мамандық құрметті,
Тазалық сабағын бүрлетті.
Бүгінгі мейрамда арнайы
Арналған ақ адал жыр кетті.
Маң дала, әдемі қалалар,
Саф ауа, бақытты балалар.
Осылай еңбектер еленсін,
Арқасы эколог саналар.

This entry was posted on 21.12.2015. Bookmark the permalink.

Обсуждение закрыто.