21-мамыр. Өнер адамдарына.

Сәл нәрсеге өкпелеп, көңіліне шық тұрған,
Балаша көңіл сыйлап ел тікесінен тік тұрған.
Өнер деген ілімнен өрнек тоқып оюлы,
Жан-тәнімен беріле өмірдің қырын ұқтырған.

Жарқыраса көңілің жарқырап ол да кететін,
Паш етсе өнер бойынан жүректі бойлап өтетін,
Өнерлі адам – өнеге, мейрамы екен дәл бүгін,
Нәзік сезім сыр шерткен, сұлудан салған бекетін.

Жарқырап әр кез жүріңдер өнердің ұшар басында,
Көңілімен көретін халықтың күлкі, жасын да.
Арта берсін шабыттар, шын өнерлі көбейіп,
Денсаулық болсын ең мықты, бақытың болсын басыңда.

This entry was posted on 21.12.2015. Bookmark the permalink.

Обсуждение закрыто.