Не көтеріп жүрміз?

философия4

Жаңалық қарасақ та, ғаламтор ашсақ та  жағымсыз жаңалықтар мен  келеңсіз оқиғалар туралы көп жазылады. Күнде бір атыс-шабыс, күнде кісі өлтіру, баласын тастаған ана,  басқасын жасаған әке, әйтеуір не керек жан түршігерлік оқиғалар жаға ұстады. Теларналар мен газеттер осындай жағдайларды қайдан тауып, қайдан ала қояды деп таң қаласың. Шындығында бұл өзі жаңалық па? Менің ойымша, жаңалық тек жақсы жағдайда ғана жаңалық болса керек. Құлағыңды елең еткізіп, жаныңа жылулық сыйлап, жап-жақсы ниеттерге көзге жас үйірілетіндей сүйкімді болса, бұл жаңалық. Әлемде жоқ жаңа зат ашылса, бұл жаңалық. Ауруға ем табылса, бұл жаңалық.  Той болатын болса, бұл жаңалық. Қысқасы, жақсылықтардың баршасы жаңалық. Жаңа деген түбірдің өзі жаңалықтың не екенін өзі айтып тұрған жоқ па?

Онда деймін, жаман ақпараттардың жаңалыққа не қатысы бар? Жүрекке қорқыныш ұялатар, жиіркеніш сезім тудырар, түк пайдасы жоқ нәрсені жаңаға қатыстыруға қандай негіз бар? Мүмкін жаман ақпараттарды жаңалықтардан бөліп, басқа атпен қарастыру керек болар? Келеңсіз оқиғаларды көріп, оқыған соң кеудеңде бір тас қалғандай күй кешесің. Ал, ол ақпаратты миллиондаған адамдар оқитынын білсек, қоғамда ұсақ тастардан құралған үлкен жартас пайда болары анық. Іші керексіз қоқысқа толы, үрей мен қорқыныш, жиіркену толған жартас. Қажетсіз жартас. Керекті затқа орын бермес, бос жартас. Жүрекке ізгілік кіруіне кедергі, ұзақ еңбекпен, үздіксіз ақ ниетпен, жақсылық жасаумен еритін жартас.

Адамның  жаман оқиғаға құлағы түріктеу келеді. Соны білген кей газеттер мен сайттар, теледидарлар соны пайдаланады. Ал, жағымсыз оқиға таратқыштар адамға берілген ақпараттың сол кезде өшіп кетпей, бір кездерде адамға жат пиғылды әркетттер істете алатынын біле ме екен? Қоғамды алға сүйрейміз деп ойлайтын болар, бірақ өрге қоғамды емес, үп-үлкен тас жүректер жасап алып тартып келе жатқанын біле ме екен? Осы кезде, қарлығаштай қанатымен су себе, жүрекке жылу ұялатар әңгімелерін жазып, айналасындағы жақсы жаңалықтарды таратып отырған азғантай ғана адамдарды құшағың кеп кетеді.  Кеше бір сайтқа кіріп, баласын тастаған ана туралы бір емес, күн сайын бірнеше тақырып қойып, мақала шығарғанын көргенде жағамды ұстадым. Ақпараттар легі- бейне бір толқын. Толқын жайлы болса, әдемі жүзуге көмектеседі. Арыны қатты толқын жартасқа бір соғуы әбден мүмкін.

Қазір адам өзін қорғамаса, жүрегіне керексіз жартас орнатып, адуын толқынға тап болуы әбден мүмкін.

One thought on “Не көтеріп жүрміз?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_bye.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_good.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_negative.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_scratch.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_wacko.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_yahoo.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_cool.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_heart.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_rose.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_smile.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_whistle3.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_yes.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_cry.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_mail.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_sad.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_unsure.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_wink.gif