Суреттер сөйлейді.

heart and brain that walk hand in hand, concept of health of walkingЖүрекке ақыл бағынса,

Жамандық жолы жабылса.

Тып-тыныш жатқан жүректен,

Жауһарлар жарық табылса.

 

Үрейден үміт арылса,

Бақытқа ғана сағынса.

Байланбай жүрек жалғанға,

Мәңгілік іздеп сағынса.

 

Көңілді жүрек билесе,

Ақылды жақсы илесе.

Қараймай жүрек қамығып,

Аппақ нұр шашып, сүй десе.

Бұл өлеңді тудырған, жоғарыдағы сурет. Кейде осы суреттер сөйлеп, шығарған өлеңге байланысты сурет іздеп емес, көрген суретіңе қарай осылай жыр шумағын өргің кеп кетеді. «Сурет те сөйлейді».  Кей суреттерге қарап отсаң, кеудеге шуақ толтырып, жыр шақырады, қаламыңнан шұрайлы ойлар қалайша бөлініп шыққанын да білмей қаласың.Әртүрлі тақырыпта салынған суреттерге қарай отырып, көңіл-күйді де тез өзгертуге болады.

Айналаңның бәрі сурет, үнсіз сөйлеп тұр.  Табиғат туралы сурет көргенде тыныштыққа, әдемілікке бөленесіз.табиғат1 табиғат2 табиғат4 таибғат3

 

Тарих, батырлық туралы суреттер көргенде тарих қойнауына еніп, сол дәуірдің бел ортасында жүргендей күй кешесің. Іштегі ұлттық рухың оянып, қайсарлық, батырлық қасиеті бой көтере бастайды. батырлар1 батырлар2 батырлар3 батырлар4

Сұлулыққа бойлай еніп, жан сұлулығының көзін ашқыңыз келсе, сұлулық тақырыбына арналған суреттер де көмектеседі.сұлулық1 сұлулық2 сұлулық3 сұлулық4

Ал, философиялық ой толғамдары бар суреттер жүрек түкпірінде ұйықтап қалған ойлау қабілетіңіз бен шешендік өнеріңізге әсер етеді.философия философия1 философия2 философия4

Философиялық ой толғамды суреттер миға ауыр салмақ түсіріп жіберсе, келесі суреттер жанды дереу жадыратып жібереді.жануарлар1 жануарлар2 жануарлар3 жануарлар4

 

Әр тақырыпты қараған сайын адам көңілі де әрқилы өзгере бастайды. Бір тақырып жылатса, бірі күлдіріп, бірі терең ойға салады. Адамға әр сурет осылай түрліше әсер ете береді. Ғаламтор беті түрлі суреттерге толы. Жақсысы да, жаманы да көп. Жақсысын таңдау жақсылыққа жетелейді. Қазіргі кезде түрлі тренингтерде суреттер пайдаланудың себебі, суреттер кейде айтылған сөздерден де жақсы әсер ете алатындығында. Айналаңыз жан жадыратар суреттерге толы болсын!

 

This entry was posted on 31.12.2015. Bookmark the permalink.