Күнделік.

catalog_item_image_2259

Әрбір ертеңгі күн бейне бір ақ парақ. Ашылып жатқан аппақ жүзді, еш жазылмаған, бүлінбеген тап-таза. Ешқандай мәлімет те, белгі де бермейді. Түпсіз тұңғиыққа тіреліп, ойсыз әлемге әкеледі. Өйткені, онда ештеңе жазылмаған.Аппақ. Көз қарығады. Сәлден соң қарай-қарай жалығасың ба, қалай өзі? Көңіліңде сайраған белгісіз шым-шытырықты ақ қағаз бетіне салғың кеп кетеді. Көңілдің не демегін көргім, оқығым келгеннен болар. Сосын ойланым қалам… Қолым жүрекке қаншалықты бағынады? Сәл отырып,

күнделіктің аппақ бетіне әп-әдемі етіп әріп салып бастай жөнелемін. Әріптер әдемі тізіледі, өйткені бұл таза бет, шимай-шатпақ болғанын қаламаймын.»Бүгін «19-желтоқсан, 2015 жыл. Жаратқанның қалауымен сыйлық не қарыз уақытты аяқтадым.» Осылай есеп беру басталады.
Келесі күн.Тағы да солай әдемі жазу, әдемі әріптер, әдемі күнделік. Күнделігіңді жақсы көре бастайсың.
Бүрсігүні. Әдемі жазу, әдемі әріптер, әдемі күнделік.
Тағы да әдемі жазу, әдемі әріптер, әдемі күнделік.
Бірте-бірте күнделікке де үйрене бастайсың. 1 айдан соң әдемі күнделікті танымай қаласың да. Бет-аузы шимай-шимай, қалай болса солай жазулар. Кей күндер жазылмай қалып кеткен бе, қалай өзі? Шынымен осы күнделікті мен жаздым ба? қалайша бұл күйге түскен. Жо-жоқ, бұлай болмайды. Келесі аппақ парақты ашасың да, қайтадан әдемі әріптер, әдемі жазулар сап түзей бастайсың. Қарап отырасың, көзің сүйсінеді. Бір кезде бір ой сап ете қалады. Жарайды, жазу жазуымен, осы менің күнделігімде мағына бар ма? Күндерім қалай өтіп жатыр? Бірдеме үйреніппін бе, әлде отырдым, жаттым, тамақ іштім, қыдырдым, біреумен ұрсысып, біреуге ренжідім бе? Қайталап оқи бастайсың. Күнделік қызық екен. Көз алдыңда оқылып жатқан өмір ерекше. Ана жерде неге былай жасамаған, мына жерде бұлай жасамаған, неге бұлай айтқан, неге барған онда деген сияқты сұрақтармен кіжініп отырасың да, оқып отырған өмірдің өзгенікі емес өзіңдікі екені есіңе түседі. Сол сәтте сенің күнделігіңде жақсы сәттер көп болса, кеудеңді қуаныш кернейді, шалыс басқан сәттерің көп болса, өкініш басады.
Осылай бір кездерде аппақ ақ парақтан ештеңе ұқпай, ештеңе оқи алмаған күнделігіңнен өзіңді оқып, өзіңді ұғып шығасың.

This entry was posted on 19.12.2015. Bookmark the permalink.