Әдемі қартайған қарттық!

photo     Қала аулаларының орындықтарынан қарттарды жиі көре бастадық. Бұрын да көреміз ғой. Ол кезде олардың көпшілігі үстінде кең даланың иісі бар, қаладағы немерелеріне ауылдың дәмінен артынып-тартынып келген қарттар болатын. Ара-тұра ғана амалсыздан қалада тұратын баланың қолынан көшіп келген қарттар да кездесетін еді. Неге  екенін қайдам, қазір қалада тұратын қарттар жиілеп келе жатқандай. Әр ауладан орындықтағы қарттар саны көбейіп келе жатыр.  Бүгін дәл солай бір әжеге кез болдым. Continue reading

Мұсылманның жаңа жылы құтты болсын!

Hagia-Sophia-Mosque-in-Istanbul-Turkey-1     Бүгін мұхаррам айының бірінші күні, 1436 жылдың басы! Осы жылдарда өмірді көруге бұйыртқан АЛЛА барша мұсылмандарға шапағаты мен мейірімін төксін! Әрқашан бірлікте, жақсы істердің басында жүруге жазсын! Ел тыныш, отбасы аман, шынайы мұсылман саны көбейіп, әлемде бейбітшілік орнауына нәсіп етсін! Жаратқанның қалауымен жылдан жылға, айдан айға аман-есен, денсаулықта, шаттықта жете берейік! Жылдарыңыз құтты болсын, мұсылмандар!

Бүгін Халықаралық пошта күні!

3d postman with big red envelope

 

Бүгін ЮНЕСКО бекіткен халықаралық пошта күні! Құттықтаймыз! Адамдарға қуаныш сыйлар хаттарыңыз көп болсын!  Шаршамаңыздар, шалдықпаңыздар, денсаулықтарыңыз мықты болсын, қуаныш сыйлар күндеріңіз көп болсын! Төккен терлеріңіздің зейнетін көріп, берекелі отбасында ең сыйлы жан болуларыңызға тілектеспін!

Халықаралық Архитектура күні!

загружено

 

 Бүгін Юнеско бекіткен Халықаралық архитектура күні! Мейрамдарыңыз құтты болсын! Қиялдарыңыз қияға ұшып, армандарыңыз орындалсын! Дала төсін көркейтер әдемі еңбектеріңіз молынан болсын! Көркіне көз тояр небір құрылыс нысандарының авторы бола беріңіздер! Адал еңбектің жемісін көріңіздер! Шаңырақтарыңыздан шаттық, жүздеріңізден әдемі күлкі, ойларыңыздан әсем туындылар кетпесін! АЛЛА баянды еңбек пен ғұмыр берсін!

Ұстаздар күніне тілек!

images

 

        Құрметті ұстаздар қауымы, бүгінгі төл мерекелеріңіз құтты болсын! Білім жолында жасаған ерліктеріңіз бен еңбектеріңіз өз жемісін берсін! Еңбектің зейнетін көріп, ұлағатты ұстаз деген құрметке ие болыңыздар! Білімімен топ жарған, оза шауып бәйге алған шәкірттеріңіз көп болсын! Болашақ ұрпаққа берер білімдеріңіз еселене берсін! Қажыр -қайраттарыңыз қайтпасын! Жаратқан отбасыларыңызға береке, күндеріңізге мереке, өмірлеріңізге баянды бақыт берсін! 

Құрбан Айт мүбарак болсын!

i        Бүгінгі қасиетті мейрам құтты болсын! Құрбан айттан Құрбан айтқа жетіп жүре беріңіздер! АЛЛА ТАҒАЛА өзіңіз үшін, жақындарыңыз бен отбасыңыз үшін тілеген тілек-дұғаларыңызды қабыл етсін! Ел аман, жұрт тыныш боп, уыздай ұйыған отбасылар саны көп болсын! Жаратқан барша мұсылманға береке, бірлік, тыныштық пен аманшылық, екі дүние бақыты мен ризық-несібе, денсаулық берсін! Шалған құрбандықтарыңыз қабыл болып, Сират көпірінен өткізуге нәсіп болсын! Берген зекет, садақаларыңызға АЛЛА риза болсын!

Бүгін Арафа күні!

Resim_179189-87_1292703997_1    Бес парыздың бірі болған қажылықты өтеу- әрбір мұсылман болған пенденің арманы. Бүгін сол қажылықтағы Арафа күні! Барша мұсылмандарға бүгінгі жұмамен келген мейрамда береке-бірлік тілейміз! Қажылық қабыл болып, бармаған мұсылмандарға қажылық парызды өтеу нәсіп болсын! АЛЛА ТАҒАЛА бүгінгі тіленген тілек-дұғаларды қабыл етсін! Барша мұсылманның бірлігі артып, екі дүние бақыты бұйырсын! Қажылыққа бармаған жанның бүгінгі оразасын Жаратқан қабыл етсін!