Кей күндер

Көңілім құлазып отыр. Ойлар қаумалап алды. Шешімі табылар істер болса да, шыдамсызданамын. Арманым да көп. Ашып айтқым да келмейді. Адаммын дегім келеді, кейде адамға сай ой да ойлай алмай қаламын. Ауырамын да, бірақ ауруға да көңіл бөлгім жоқ. Уайымға салынбау керектігін де білемін, бірақ денемді бір ауырлық басып бара жатыр. Осыдан 1-2 күн бұрын менен бақытты адам жоқ сияқты еді, дәл осы сәт менен жасық, көңілі пәс адам жоқтай көрініп отыр. Өзімді игере алар емеспін. АЛЛАДАН басқа ешкім көмек бола алмайды маған. Continue reading