Бүгінгі күн ертең-ақ тарихқа айналады.

Күндерім зулап өтіп жатыр.  Кейде іш пыстырарлық сәттерді бастан кешсем де, уақыттың көз ілеспес жылдамдықпен өтіп жатырғанына сенімдімін. Бүгінгі күн ертеңгі күн үшін тарих, өткен күннің қойнына кеткен, қайта келмес естелік болып қалады. Қазір осы сөздерді жазып отырмын ба, ертең бұл мен үшін естелік, еске алатын менің тарихым болып қалмақ. Күндер өткен сайын бір мұңды сезім баурайды да, бір жағынан шүкірлік сезімі баурайды. Біріншісі менің пенделік сезімім: жас шағымнан айрылғым келмейді, алдағы өмірден жүрексінемін, келесі сезімім менің тәубем: осы күнге жеткізген Жаратқанға шүкірлігім, мына өмірде барыма қуанышым, адам болып туылғаныма, өмірдің ерекше сыйлықтарына бөленгеніме алғысым, ақ  таңның арайлы атып, алауға толы күннің түн тыныштықты әкеле батып бейбіт күннің ауасымен тыныс алғаныма шаттығым. Ертеңгі күнгі тарихымның бұрылып қарағанда әдемі, біркелкі жазумен әсем жазылып тұрғанын көргім келетінін кеш болса да ұққаныма қуаныштымын. Менің тарихым — Анам, бауырларым, жан жолдасым мен балаларым, жақын ағайыным, табиғат, қоғам және мен.

IMG_1120                                                                                                                                                                          Таңдарымыз әсем көріністерден абыройлы тарих жазуға басталсын!  Бұл аязды қыс күнінің ерекше таңы. Көгілдір аспан, ағаш, ақ қар мен ақ көрпелі жер, саф ауаның мен көрген сұлулығы -осы. Көркем көрініс сәті де қайталанбас тарих.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *