20-шілде. Металлург күні.

Балқыған бет күйдіре оттар қандай,
Шашыраған жұлдызша шоқтар қандай.
Көріктер күркіреген жалын ата,
Ыстық шарпып, айнала от жанғандай.
Басқарған сол ыстықты бір мамандық,
Бастаған болашаққа бір қадам нық.
Елінің ертеңіне үлес қосқан,
Металлург ел сыйлардай шын мамандық.
Қуат артсын, күш-қуат шарықтасын,
Елімнің еңсесі өсіп, тарықпасын.
Металдан түйін түйген мамандардың,
Арқасында бақыт құсы шарықтасын.

This entry was posted on 21.12.2015. Bookmark the permalink.

Обсуждение закрыто.