2-шілде. Дипломатиялық қызмет күніне.

Құтты болсын бүгінгі мерекеңіз,
Нығайсын ел іргесі, берекеңіз.
Елімнің ырысы үшін, тынысы үшін
Етсеңіз еңбек сізді ер етеміз.

Дипломат болу әсте онай емес,
Атаққа жеткізетін орай емес.
Бір ұлттың жүгін артып арқалау ол,
Құр атаққа малданып, болмай елес.
Экономика, әлеумет бар міндетті,
Дипломат арқалайтын жанмын депті.
Бүгінгі меркеңіз құтты болсын,
Қатарыңыз көбейсін жанға епті.

Аманатқа алған ұлттың тағдырын,
Белді буған шешпекке ел бар мұңын.
Көрші елмен татулықты ту еткен,
Дипломаттың болсын әркез алды күн.
Елім дейтін ерлеріміз көп болсын!
Ерім дейтін еліміз де тоқ болсын!
Арта берсін дипломат еңбегі
Қазақ елі, уайым-қайғың жоқ болсын!

Ел бірлігі, татулыққа жауапты,
Дипломат жисын молдан сауапты.
Ары менен абыройын ту еткен
Дипломаттар көптеп болсын сауатты.
Шын ниетпен еткен еңбек еленсін,
Елім тыныш, бар байлыққа кенелсін!
Барша әлемге қазақ атын шығарған,
Дипломаттың көсегесі көгерсін!

This entry was posted on 21.12.2015. Bookmark the permalink.

Обсуждение закрыто.