19-қазан. Құтқарушылар күніне.

Құтқарушы мейрамы келіп қапты,
Майталман мамандарға сенім қатты.
Өрт пен суда жанкешті, тәуекелшіл,
Мамандыққа жаудырсақ алғыс хатты.
Әрқашан батырлықтан таймаңыздар,
Әр кеудеге зор сенім байлаңыздар.
Әрбір күн тыныштықта өтсін дейік,
Бұл мейрамды тамаша тойлаңыздар!

Сенуге тұрар қамал қып,
Келмесін басқа жамандық.
Қиналсаң жаннан табылар
Құтқарушы мамандық.
Жаратқан берсін амандық,
Көрмесін жандар жамандық.
Құттықтаймын мейраммен
Құтқарушы бар жанды.

 

Қиын-қыстау кезеңде
Көмекке келер ағалар.
Өзге үшін бас тігер,
Еңбекті елің бағалар.

Құтқарушы күнімен
Құттықтаймыз сіздерді.
Ақ адал аппақ үнімен
Сіздер үшін күз келді.

Күздей жомарт жаныңыз
Қиналған жанға тірексіз.
Сағы сынған жандарға,
Бейне бір көмек күрексіз.

Күн, түн демей жетесіз,
Апаттарға, қайғыға.
Орнасыншы тыныштық
Ақ шуақ шашсын ай мына.

Денсаулық та болаттай
Берік болсын, жеңілме.
Құтқарушы ағалар,
Ете бер еңбек еліңе.