18-тамыз. Шекарашы күніне.

Түн тыныштық, бәрі ұйқыда тәп-тәтті,
Бала күліп, бақыт ғұмыр боп жатты.
Елдің шетін қас қақпастан күзеткен,
Шекарашы ел күзете таң атты.

Осы үрдіс түнде, атқан күнінде,
Бірақ, шаршау білінбейді түрінде.
«Отан сүю иманнан» нақылының
Тұңғиығы өз күшінде бүгін де.

Әрбір күн тыныштықпен түнін түріп,
Жүріңіз қуанышта шатты күліп.
Жаратқан бейбіт өмір, ғұмыр берсін,
Шекарашы біздердің басты үміт.

Обсуждение закрыто.