14-қыркүйек. Отбасы күніне.

Гүлдердің әсемін еккен жер- отбасы,
Күндерден ең шуақ көктем жер -отбасы.
Ақ адал, ақ ниет төккен жер- отбасы,
Жүректер жылынып өпкен жер- отбасы.
Ата-ана жылуды сыйлаған- отбасы,
Бауырдай сұлуды жинаған- отбасы.
Ата-әже құшағын қимаған отбасы,
Бір өзі бір сөзге сыймаған- отбасы.
Бір үстел басында бас қосқан –отбасы,
Шаңырақ астында жас қосқан- отбасы.
Несібе молынан ас тосқан- отбасы,
Бірі үшін көздерден жас босқан – отбасы.
Осылай теңеулер бір сөзге сыймады,
Әлемнің жылуын бір көзге жинады.
Әр күні, әр сағат болсыншы
Мәңгілік от жанған отбасы мейрамы.

This entry was posted on 21.12.2015. Bookmark the permalink.

Обсуждение закрыто.