12-желтоқсан. Кеден қызметкерлерінің күні.

Ел мен елдің арасы,
Ұлы Жібек жолындай.
Кеденшілер қызметі,
Шын сақшының қолындай.

Алыс-беріс елі үшін,
Шекарада міндеті.
Еңбегіңе гүл бітсін,
Шуақ шашып жер беті.

Көркейе берсін қазағым,
Кеденшінің ісімен.
Мәңгілік салсын жаз әнін,
Елдің ерен күшімен.

This entry was posted on 21.12.2015. Bookmark the permalink.

Обсуждение закрыто.