1-наурыз. Алғыс айту күні

🌹Құттықтау:
Ықылас- адал ниет, аппақ тілек,
Ықыласпен болмақшы аппақ жүрек.
Алғыс айту мереке еткен халық,
Дәл бүгін ақтаруда тілек тілеп.

Береке тілейікші берген АЛЛА,
Тыныштық тілейікші тұрар таңда.
Бірлік те тілейікші бітер тірлік,
Қанағат та тілейік етер тәуба.

Денсаулық та тілейік берік болат,
Биік мақсат тілейік сенім, талап.
Ар-намысты тілейік, жігерді де,
Білімді де тілейік ұшқыр қанат.

«Бар адам ниетінен таппақ» деген,
Қазағымды бәрінен жақсы-ақ көрем.
Алғыс айту күні бізге құтты болсын,
Ашылсын ақ таңдармен аппақ көбең.

Құттықтау:
Бүгін мейрам ақ алғыс  деп аталған,
Орын алған сан мейрамды қатардан.
Тілек, сыйлық шын жүректен бұл күні,
Ақ ниетке адал ниет бата алған.

Ықыластар ыстық болсын әрдайым,
Гүлдер бассын жан-дүниенің баурайын.
Ыстық жүрек, ыстық қайрат, ықылас,
Жер бетінен өшсін сіздің бар уайым.