1-мамыр. Халықтар достығы күніне.

Бір атадан, бір анадан тараған,
Бірін бауыр, бірін досқа балаған.
Күллі әлем дос болсыншы мәңгілік,
Өшпенділік өшсін мәңгі санадан.

Халықтар достығына не жетеді,
Достық бақыт бесігін тербетеді.
Көк аспан бір шаңырақ астындамыз,
Дос болсақ бала күліп ер жетеді.

Дос болсақ шаттық нұрын селдетеді,
Жақындықтың жылы лебі желдетеді,
Бір мекен жер бесіктің құшағында,
Болсыншы бар халықтың кең мекені.

Түрлі түсте, түрлі тілде сан халық бар,
Біздің елде 100 үстінде ол анық бар.
Әділет, мейірім, күлкі бәріне ортақ,
Бір болсақ достық тумен жыр қалықтар.

This entry was posted on 25.12.2015. Bookmark the permalink.

Обсуждение закрыто.