Өрт сөндірушілерге.

Бүгінгі заман батыры,
Алысқан асау отпенен.
Бар адам оның жақыны,
Созбастан қолын кетпеген.
Шыдаммен таңын атырды,
Күндері күрес батырды.
Алау оттан қаймықпай,
Басады батыл шатырды.
Өмірін адам сақтады,
Үмітті талай ақтады.
Тыныштық түні тербетсін
Арайлап атып ақ таңы.
Еңбегіңді бағалар,
Сіздермен тыныш қалалар.
Құтты болсын мереке,
Өрт сөндіргіш ағалар.

Басталды жалын желменен бірге желіккен,
Қып-қызыл шоқтар теңесті бейне көрікпен.
Қойып та кетті қаймықпай келіп батыл жан,
Өзге өмір құнды, жан емес ол еріккен.
Алып та шықты сәбиді қызыл от кешіп,
Баланы да жолдасымен септесіп.
Ақ ниет болса ыстық от та еленбес,
Жүріңіздер әр күнде апат жоқ десіп.
Өрт сөндіру жүрекпен бірге білекке
Сүйенеді,
Сонымен бірге тілекке.
Тілекшіміз сәтті болсын әр сәттер,
Өрт емес әркез жер беті болсын гүл екпе.

This entry was posted on 24.12.2015. Bookmark the permalink.

Обсуждение закрыто.