Әйнек тойы

Әйнек той – он бесжылдық той. Бұл күні сыйлық шыныдан істелген бұйымдар болуы шарт. Әйнек – ерлі-зайыптылар қарым-қатынасының мөлдірлігінің куәсі болмақ.

Тойға шақыру:
15 жылдың басып асқар белесін,
Бірге есіппіз ақ отаудың кемесін.
Кел, ағайын, ақ тілекті ақтарғын,
Қабыл етіп ЖАППАР АЛЛА демесін!

Тойға шақыру:
15 жылдық той тойлаймыз бүгін біз,
Жинамақпыз қуаныштың гүлін біз.
Бөлісіңіз қуанышты, дос-бауыр,
Тыңдайықшы ақ жүректің үнін біз.
Ақ ниетті, ақ тілекті ақтарғын,
Ақ тілекті мұндай тойда сақтар кім.
Ақ дастархан жайылып күтіп тұрар,
Үлкен астан еш елеусіз аттар кім.

Құттықтау:
15 жыл 15 күндей зулай өтер,
100 жыл да күні ертеңдей зулай жетер.
Жұптарың жазылмасын мәңгілікке,
Жылдарды жыл кезегі қумай бекер.
Сағаттар сұлу жырын арнап келсін,
Апталар бақыт жолын барлап келсін.
Айларың айшылықтан арман әкеп,
Жылдарың бар байлықты қармап келсін.

Құттықтау:
«үйлену оңай-үй болу қиын»,
Өмірде әркез кетпесін сыйың.
Дастархан жимай, несібе толып,
Болсыншы күнде думанды жиын.
Жаратқан АЛЛА жар болсын саған,
Шаңырақ шаттық тербетсін ғалам.
Жан жарың, ұл-қыз бақытты болсын,
Бақытты жазсын сендерге қалам.

This entry was posted on 15.01.2016. Bookmark the permalink.

Обсуждение закрыто.