Құда түсу

Ата жолын, ана жолын жалғадық,
Бала-жалғас, болашаққа арнадық.
Салтымызбен ғасыр салған көптеген,
Сыйлы отбасы, сіздерді кеп таңдадық.

Күйеу деген 100 жыл ғана туысқан,
Құдалықпен 1000-даған жыл жуысқан.
Ел мен елді сый қоржынмен жалғайық,
Жақын тұрар құда деген туысқан.

Шәй құярға құда түсе келдік те,
Қалың малын ала келдік белдікке.
Алдыңыздан қиылып кеп өтпесек,
Біздерге сын, жараспас ед елдікке.

Құшақтасып, қуанайық , құдалар,
Қиындықта жұбанайық, құдалар.
Бірге күліп өмірдің бал сәтінде,
Тату деген ту алайық, құдалар.

This entry was posted on 25.12.2015. Bookmark the permalink.

Обсуждение закрыто.