Інжу тойы

Інжу той – отыз жылдан кейінгі той. Бұл күні күйеуі әйеліне алқа сыйлауы керек, бұл өткен күндердің бәрінің де інжудей тартымды болғанының куәсі болмақ.

Тойға шақыру:
Інжудей күн де жетті жалтыраған,
Қуаныштың өзені сарқыраған.
Тойға кел, ағайын-дос, тума-бауыр,
Ақ ниетті жүрегі жарқыраған.

Тойға шақыру:
30 жыл отасқанбыз отау құрып,
Берекелі ошақтан оттар жылып.
Бөлісіңіз қуанышты, барша қонақ,
Сол күнгі жоспарлардың бәрін сырып.
Келсеңіз тойымызға бақ тілейміз,
Күніңізге алтынды тақ тілейміз.
Бар отауда ұлан-асыр той болсын деп,
Әр сәтке қуанышты шақ тілейміз!

Құттықтау:
Барын берген, нәрін берген баяулай,
Талай боран кешіп өткен жаяулай.
Қос тірек боп, қос жүрек боп бір соққан,
Әке-Ана, отың жансын алаулай.
Біздерді тек еркелете жекіңіз.
Арамызға қос шынар боп бекіңіз.
Сая болып, пана болып мәңгілік,
Інжу тойдан тәждік тойға жетіңіз.

Құттықтау:
Қол ұстасып бірге бастап арманды,
Бірге көріп, кешіп келдің жалғанды.
30 жылдық отау құрған ұлы той,
Жұғысты боп, бақытты етсін бар жанды.
30 жылдар 100 жылдарға ұлассын,
Ұл-қызыңмен даңқың артып қыр ассын.
Немере мен шөберелер көбейіп,
Кәмпит бер деп еркелікпен жылассын.

Құттықтау:
Бұйырған бармақтай бақ отауыңа,
Шаттығың тең келеді бір тауыңа.
30 жыл 30 белес аттапсыздар,
Шығыңыздар әлі шыңдар шырқауына.
Баурайда бала гүлдей қаулай өссін,
Қуаныштың қамысы баулай өссін.
Қуаныштың өзені тынбай ағып,
Бар немере сіздерден аумай өссін.

This entry was posted on 15.01.2016. Bookmark the permalink.

Обсуждение закрыто.