Шахтерлар күніне.

Шахтер деген мамандық,
Басатын алға қадам нық.
Үйлерге жылу сыйлаған,
Көрмесін шахтер жамандық.
Құрметтеуге, сыйлауға да лайық,
Шахтерларға көркем тілек құрайық.
Бұла күш пен қажырлы еңбек еленсін,
Денсаулығы мықты болсын сұрайық.
Жер астыннан қара алтынды шығарған,
Шахтерменен ел байлығы құралған.
Мерекеңіз құтты болсын бүгінгі,
Күтсін күнде шуақты күн, жыр алдан.

This entry was posted on 24.12.2015. Bookmark the permalink.

Обсуждение закрыто.