Әкеме

Әкешім,туған күніңмен!
Құттықтап келдім гүліммен.
«Ерке кыз» десең шаттанам,
Биязы,бапты үніңмен.
Асқар тау тірек данасың,
Отбасына панасың.
Еңселі ер боп жүре бер,
Анаммен тауып жарасым.

Қыран құстай қырағы әкем,
Бәйтерек тектес шынарым, әкем!
…-жаста да еңселі кеуде
Мақтаныш етер ұраным,әкем!
Тұлпардай болшы,қартайма,әке,
Сұңқардай болшы,шалқайма,әке.
Шаңырақ шаттық кереге болып,
Көңілің түсіп,ортайма,әке!

Ел сыйлаған азаматсың ардақты,
Сөз саптаған ел ұйыған салмақты.
Ат үстінде өткізумен өмірді
60 жас та бүгін сені таңдапты.
Таудай биік тұлғаң әлі нар болсын,
Ұл-қызыңмен өмір толы сән болсын!
Елің үшін еткен еңбек еленіп,
Әрқашан да АЛЛАМ саған жар болсын!

Әке деген асқар тауым, тірегім,
Арқа сүйеп алға еркін жүремін.
Денсаулығың мықты болып жүзге жетсең,
Ең бақытты жан болып мен жүремін!

Еркелеттің сөзімді екі еткізбей,
Қорғадың маған пана жел өткізбей.
Әке деген атыңнан айналайын,
Өзіңізді АЛЛА жүзге жеткізгей!
Анашыммен бақытты өмір сүріңіз,
Бүр қуанып,бірге шатты күліңіз.
Асқар тауым,панам болып әрқашан,
Ешқашан да болмасын сыр,мұңыңыз!

Ел сүйетін азаматсың ардақты,
Бақыт сені ең алдымен таңдапты.
Отбасы мен елге адал іс қылып,
Елу деген жасқа жеттің салмақты.
Жұмысыңның жемістері көп болсын,
Елің тыныш,көңілің тек тоқ болсын.
Денсаулығың мықты болып,мың жаса
Ел дегенде жүрегіңде от болсын!

Азаматсың ардақты ел сыйлаған,
Әке болып балаға күй жинаған.
Бүгінгі тойыңызда мына ұлыңның,
Қуанышы қойнына бір сыймаған.

Денсаулықты тілеймін қартаймайтын,
Шат көңілді тілейін ортаймайтын.
Бақытты да тілейін ең бастысы,
Абыройды тілейін шалқаймайтын.

Өзіңе қарап өсіп біз де келеміз,
Алып сенсің біздер ерген кемеміз.
Үлгі болар әр айтқан сөз ой толып
Сенен ғана бар биікті көреміз!
Мызғымайтын денсаулықты тілеймін!
О,Жаратқан,әкемізге бақ жиғыз.
Анамызбен қол ұстасып әрқашан

60 деген алып тауға жеттіңіз,
Сайрап жатыр артыңызда соқпақ жол.
Небір асу белден батыл өттіңіз
Шықса да алдан шырмауы коп томпақ тор.
Барлык әке сіздей болсын бола алса,
Биік шыңға барып қонсын қона алса.
Бар биікті бағындырған,әкежан,
Өмір-базар,қала көрме оңаша.

This entry was posted on 01.11.2013. Bookmark the permalink.

Обсуждение закрыто.