Қарындасыма

Бақыт нұрға толы болсын байтағың,
Көрген сайын сүйсінумен қайтамын.
Күліп жүрсін күлім көзің мәңгілік,
Ағалық бар тілегімді айтамын.
Дұшпаның келсе алдыңа қалтырасын,
Ғұмыр-өзен кедергісіз сарқырасын.
Раушандай әдемі өмір сенде болып,
Жұлдызың биіктерде жарқырасын.

Туған күнің құтты болсын, қарындасым,
Сен дегенде тілек жырым арындасын.
Бақыт саған есігін айқара ашсын,
Қанаттарың талмасын,қарлығашым.

Таза  болсын тұнық судай көңілің,
Көркем болсын жауқазындай өмірің.
Абыройың асқар таудай биік боп,
Мәңгі жасыл шырша болсын көңілің.

Адаспашы өмірдің базарында,
Мұң шалмасын әдемі ажарыңда.
Қарындасым, әрдайым қорғап жүрем,
Сыйлап жүрем өмірдің ғажабында.

Теңіңді тауып барасың,
Айырып ақ пен қарасын.
Қарындас сендей бар ма екен,
Сыйлаған ата-анасын.
Бауыр деп апа-ағасын,
Еркелей өскен, панашым.
Бөлініп дара жол іздеп,
Бақытқа кетіп барасың.

Қарындасым, құтты болсын бөбегің,
Шаттанғанда көзіңнен нұр көремін.
Сен қуансаң менде нендей жан қалар,
Бақытты бол, менің жалғыз сенерім.

Қарындасым, есеіп те қалыпсың,
30 деген орта жасқа барыпсың.
30 жасың 30 түрлі бақ болсын,
Дана болсын, дара болсын арысың.

Үкілеген үмітісің ата-ананың,
Бақыт тілеп арайлансын атар таңың.
Қонақсың біздің үйге, қарлығашым,
Жаныңда болсын әркез батыр жарың.

Артымнан ерген бауырым,
Қиналсаң тосам жауырын.
Туған күнің құт болсын,
Жиналсын досың, қауымың.

20 деген жасқа жеттің желкілдеген,
Қыз едің тұлымшағы желпілдеген.
Тағдырың еркелетсін, қарындасым,
Маңдайыңды мұң шалмасын шертілмеген.

This entry was posted on 01.11.2013. Bookmark the permalink.

Обсуждение закрыто.