Қайын сіңіліме

Көріктісің, сұлу сымбат, келбетің,
Жарық нұрмен жаулағандай жер бетін.
Ұяң мінез, ұялшақтау, сіңілім,
Аққу құстай тербетілген көл бетін.
Адаспашы өмірдің айрығында,
Өкінбеші өмір-теңіз қайығында.
Сырбаз мінез, салмақты ақылыңмен,
Өмірден оқу тоқы жай ұғын да.

Жақсы ісіңмен біздерді қуанта бер,
Ата-анаңды ақылыңмен жұбанта бер.
Аяулы қыз ертеңгі ардақты ана,
Күлкіңмен күндер-кірпіш құралта бер!

Жарық болсын өмірің,
Шаттыққа толсын көңілің.
Арманыңа жете бер,
Таймасын мәңгі көрігің.

Аққу құстың махаббатын тілеймін,
Атар таңның шапағатын тілеймін.
Жасың сенің құтты болсын, сіңілім,
Арманыңның ақ қанатын тілеймін.

Ерке қыз деп өзіңе есім қойдым,
Аман жүрші әрқашан есіл ойым.
Достарыңның арасында қадірлі бол,
Толықсыған айдай болсын ақыл-ойың.

Жас өмірің жайқалсын жарқылдаған,
Алдан күтсін арман тақ алтындаған.
Бақыт бағы есігін айқара ашсын,
Көңілің болсын әркез алтын қалаң.

Гүлдей болсын өмірің,
Шаттыққа толсын көңілің.
Аялап салып алақан,
Бақытты етсін серігің.

This entry was posted on 01.11.2013. Bookmark the permalink.

Обсуждение закрыто.