Қайын апама

Қазір маған апа орнына апасың,
Қалт кеткенде шын көңілмен қапасың.
Келін демей сіңілім деп жақын ғып,
Білгеніңді ақыл етіп жатасың.
Айтар алғыс, тілегім де көп менің,
Отбасымда нәр алумен көктедім.
Бақытты бол балаңызбен бал-бөбек,
Сізге күліп атсын деймін көкте күн.

30 жасқа келіп, міне, қалдыңыз,
Отбасында жұлдыз болып жандыңыз.
Денсаулық пен бақыт, байлық тілеймін,
Жақсылыққа толы болсын алдыңыз.

35-тің дәмін татып бүгін де,
Тілек тілеп сенің туған күніңде.
Апатайым, қосағыңмен қоса ағар,
Балалардың бақытымен күлімде.

Қол ұстасып қуанышқа келіңіздер,
Балалардың бақытын көріңіздер.
Бірге еккен өмір атты егіндегі,
Еңбегіңіз жемісін көріңіздер.

Атар таңның шапағатын тілеймін,
Асыл арман аппақ атын тілеймін.
Отасқан күн құтты болсын сіздерге,
Аққу құстың махаббатын тілеймін.

Аяулы апасысың жолдасымның,
Тірегі, сүйеуісің қол басымның.
Әрқашан аман-есен жүріңізші,
Ақылшысы болып Отан-ордасының.

37 мүшелдесіз, қайын апа,
Әрқашан көмекке әзір дайын , апа.
Ағайынға жайлы мінез, ниетіңмен,
Белгілі жақсы істі жайың апа.
Жәймен ғана түзейсің кетсем қата,
Сөздерің жылу жиған жан жұбата.
Бірге туған апамнан кем емессіз,
Қалайша дейін енді «қайын апа»?

40-қа келсеңіз де қыздайсыз ғой,
Ағайынға әдепті бұзбайсыз ғой.
Несібеңіз мол болсын, бақыт қонсын,
Адал ниет, ешкімге ор сызбайсыз ғой.

Қайын апа, құтты болсын жасыңыз,
Несібеңіз толы бролсын, асыңыз.
Көркем күндер, өнеге өмір тілеймін,
Берекеңіз артып асып-тасыңыз.

Құтты болсын жасыңыз,
Аман болсын басыңыз.
Жиғаныңыз құт болып,
Бақ-дәулет артып тасыңыз.

This entry was posted on 01.11.2013. Bookmark the permalink.

Обсуждение закрыто.