Жеңгеме

Жеңгей деген әдемі атыңыздан,
Сұлу туған әдемі затыңыздан.
Отбасының ұйытқысы, ұствзф боп,
Жан болыңыз бәйгеде аты озған.

8-наурызда тілек тілеп,
Жеңгеме жауқазындай жүрек тілеп.
Мейрамымен бүгінгі құттықтаймын,
Байлық тілеп бағына күрек-күрек.

Ағамызбен өмір сүрші бақытты,
Өмір сізден аямасын жақұтты.
Бала бақыт, жар қызығын көрумен,
Алыңызшы арман асыл тақұтты.

Кигеніңіз қымбат тон болсын!
Барсаңыз қайда жол болсын!
Бастаған істер баянды
Бітімі болар оң болсын!

Түсінер мені әр кез жеңешем бар,
Болғанда ойым ойран, керегем тар.
Күлімдеп күлкісімен үйіретін,
Аман жүр, жеңгелерім, көркем жамал!

Мейрамыңмен құттықтаймын, жеңешем,
Лайықсың әсем гүлге теңесем.
Сыр бөлісер сыр сандығым өзіңсің,
Керегең кең, теңдей болсын терезең.

Жеңешем, құтты болсын мейрамыңыз,
Ағайынды иіліп сыйладыңыз.
Отбасында береке-бірлік болып,
Шашылсын тек тойға деп жиғаныңыз!

Ағатайдың мақтанышы, жарысың,
Ағайынның мақтаулысы, арысың.
Балалардың бақытысың, бағысың,
Отбасының әсем алтын тағысың.

Жеңешем, құтты болсын 30 жасың,
Бақытың балдай болып ортаймасын.
Жасыңа жас қосылып әр жыл сайын,
Көңілің көктемдей боп қартаймасын!

Жеңешем, құтты болсын 40 жасың,
Өміріңнің жұлдызы жымыңдасын.
Балалардың бақытын көруменен,
Отбасыңның оты еш суынбасын!

Жеңешежан, құтты болсын 60 жасың,
Өзіңнен қарттық қашып жылыстасын.
Немере, шөберенің ортасында
Көңілің бір марқайып тынышталсын!

50 жасқа, жеңешем, келдің бүгін,
Тілеймін өмір сәнін, әсем гүлін.
50-ге 50 қосып бақытты бол,
Балалардың күлкісімен атсын күнің.

55-тей әсем жасқа жетіпсің,
Аналықтан әжелікке өтіпсің.
Отбасыңда берке,несібе боп
Бірліктерің мықты болсын бекіп шын.

Армандарың орындалсын аңсаған,
Жеңешежан, жетер ме екен жан саған.
Отбасының ұйытқысы бола бер,
Қуанышты той тойлаудан шаршаман.

Балаларың қос қанатың тірегің,
Асыл жарың жаныңдағы жүрегің.
Тойың әркез тойға ұлассын құт болып.
Денсаулығың мықты болсын тілерім.

Отбасының гүлісің,
Ағайынның күнісің.
Бәйтеректей ағама
Көрік берген бүрісің.
Аман-сау боп жүре бер!
Шаттықпен әркез күле бер.
Отбасыңмен қуанып
Бақытты өмір сүре бер!

Сырымды айтып бөлісемін өзіңмен,
Мейірімнің нұрын көрем көзіңнен.
Өмірдің бар қызығын көр, жеңеше,
Қанаттанам қайрат алып сөзіңнен.
Қараңғыда жарық берген ақылшым,
30 жасқа толып,міне, жатырсың.
Өмір төксін бар сыйлығын аямай,
Сіздерге арнап бақыт таңын атырсын!

Жастайыңна мініп өмір кемесіне,
Келдің бүгін 37 белесіне.
Мүшел жас бақыт таңын ала келсін,
Ілікпе тағдыр талай жебесіне.

Сен дегенде тілектер ағылады,
Ниеттер жақсылықты тағынады.
Жеңеше, құтты болсын толған жасың,
Алда болсын көретін бағың әлі.

Жеңешемнің күлкісінен сыңғырлаған,
Сәбилерің көп болсын былдырлаған.
Ағамызбен бақытты ғұмыр кешіп,
Ыдыс-аяқ болмасын сылдырлаған.

Жеңешемді жақсы көрем ақжарқын,
Ұстанатын халқымыздың бар салтын.
Сыйлы келін, аяулы жар бола бер,
Мәңгі жас боп тұра берсін қаз қалпың.

Жаратқан сізге жар болсын,
Несібең әркез бар болсын.
Ағайынмен тату боп,
Үйіңіз тола жан болсын!

This entry was posted on 01.11.2013. Bookmark the permalink.

Обсуждение закрыто.