Бөлеме

Сен өзі бөлемісің,
Бөлені көре тұра өлемісің.
Сұрақ болса арналған дәл осындай,
Жауабыма, бөлежан, сенмісің.
Құрметтеймін өзіңді, бөлежаным,
Өзіңді өзгелерден бөле жардым.
Тойың болса алдымен атқа мініп,
Қуанышқа ортақ болып көре бардым.

Туған күні бүгін менің бөлемнің,
Екі елісі жетпей қалды төбемнің.
Жасың әркез жақсылықты ап келіп,
Өсіп-өніп өркен жайып көгергін.

Денсаулықтың тілеймін тым қаттысын,
Өмірдің де тілеймін бал-тәттісін.
Таусылмастай табыс берсін, бақ берсін,
Күндердің де тілеп өтем сәттісін.

Бөле деген ең бір жақын туысқан,
Бір мақсатты арман етіп қуысқан.
Аналардың қуанышы боп жүріп,
Ел қызығар жан болайық жуысқан.

Құтты болсын, бөлежан, туған күнің,
Қуанышпен тойлаған думан күнің.
Денсаулық, байлық, бақыт тілектерім,
Ешқашан да солмасын думан гүлің.
Қызығын көр ұл-қызыңның жайнаған,
Өмір-баққа бұлбұл қонсын сайраған.
Ертегідей күндерің тек көп болсын,
Қуанышты отауыңда тойлаған.

Жан құрбымдай сыр бөлісем бөлеммен,
Алдыңнан тек бақыт таңын көрем мен.
Бар жақсыны, бар бақытты тілеймін,
Тағдыр жақсы сырын тартсын тереңнен.

Жақсы тілек тілейін мен бөлеме,
Уығыңмен берік болсын кереге.
Денсаулық пен бақыт сәті тап келсін,
Тағдыр таңдап тастағанда жеребе.

Бөлені жақыныма санаймын,
Ең жақыным, бауырыма балаймын.
Денің сау боп бақытты өмір кеше бер,
Тілек тілер тілеулеске жараймын.

Кім оны ағайыннан бөле жарған,
Артық жан болар ма өзі бөлежаннан.
Мейрамың құтты болсын шаттығыңыз,
Мерейің үстем болсын төрге барған.
Бөлемнен аярым жоқ, таярым жоқ,
Сүйеу бола біледі таяғым боп.
Денің сау боп шапқылап жүре берші,
Ағайынмен 1000 таныс баяғы боп.

This entry was posted on 01.11.2013. Bookmark the permalink.

Обсуждение закрыто.