Апама

Апа деген атыңнан айналайын,
Қамымды ойлап шыр-пыр боп жүрген дәйім.
Туған күнің құтты болсын, бақ келсін,
Ата берсін оңыңнан сенің айың.

«Әпкем» деймін мақтанамын өзіңмен,
Мейірім төгер тура Анамдай көзіңнен.
Қарайлаумен артына ерген бауырына,
Бақыт тілеп әр түнде көзін ілген.
Қорғанышым өзіңсің, сүйенішім,
Сүрінгенде дем берген тіреуішім.
Қуаныштың көлінде тек күліп жүрші,
Бәріне де жетеді сенің күшің.

Ұяңнан ұшып барасың, Апатайым,
Қиналасың белгілі сенің жайың.
Барған жерің бақыт қонған қоныс болсын,
Сыртыңнан тілекшімін мен әрдайым.
Бақытты бол жездеммен қол ұстасып,
Күлкің жүрсін шаттыққа оттық тасып.
Сыйлы келін, сүйкімді жар бола біл,
Бір қартайып жүріңдер қол ұстасып.

Қимайды жүрек, шіркін, өзге отқа,
Дегім келер, Апатай, кетпе, тоқта,
Бақытыңа қалайша байланайын,
Жолың болсын, барасың өзге топқа.
Ол үй сенің ендігі шын Отауың,
Қонақ болып келіп тұр бізге әрдайым.
Бақытты бол, бақытты бол, бақытты бол,
Жездекемнің жүрегіне бол  ханшайым!

Денсаулықтың қаттысын,
Өмірдің дәмді тәттісін,
Тілеймін саған, Апатай.
Қуаныштың бақ құсын,
Түндердің әркез шаттысын,
Тілеймін саған, Апатай!

Үлкен деп сені сыйлаймын,
Қырлардан гүлді жинаймын.
Шаттанып әркез күлсін деп
Айтқаныңды тыңдаймын.

Үлгі болар әсем жансың ініге,
Жанашыр боп қорғаштайсың күніге.
Қабағымды шытпасын деп бәйек боп,
Қайта-қайта жалтақтайсың түріме.
Бүгін сенің туған күнің не берсем,
Әлемнің бай адамына теңелсем.
Сыйлар едім бар жақсыны сен үшін,
Тек әзірге мықты бол деп дем берсем.

Әпкемтайым, ренжімеші, күлімде,
Күліп жүрші мына туған күніңде.
Осы сәттер енді айналып келмейді
Ашық күнді бұлт басқандай түрің не.
Шат көңілмен билеп басып тұрайық,
Тілек тілеп саптың басын құрайық.
Абыройың асып-тасып шалқысын,
Бір АЛЛАДАН  бақ берші деп сұрайық.

Өзің салған ізбен жүріп келемін,
Корабльге ілескен бір кемемін.
Дұрыс жолда болғаныма қуанам,
Өйткені мен жан Әпкеме сенемін.
Мен үшін сен қайталанбас үлгісің,
Қайталаймын мінезіңді, түр, пішін.
Алдыңғы арба сен болғанда соңғы арба,
Мен болайын бағдар берер, жұлдызым.

Асқар таудай биік болсын мәртебең,
Сыйлар өмір тосын сыйын сәндеген.
Мақсатыңның жиегіне талмай жет,
Таусылмасын саған арнау, ән деген.
Ортаймасын бақыт бақтың жемісі,
Үзілмесін үміт-жіптің желісі.
Жастық шағың шат көңілге толы боп,
Кездеспесін мұңның әрі-берісі.

Қолыма қалам алып хат жазамын,
Бақытың қайтармасын бар базарын.
Алыстан ыстық тілек жолдауменен,
Тілеймін мұң шалмасын мәңгі ажарың.
Тілеймін жар көңілдің адалдығын,
Балалардың бақытын, амандығын.
Апатай, жанұяңмен бақытты бол,
Ыстық сәлем жолдаймын саған бүгін.

Қанша адамды танысам да,
Таныстарға жарысам да,
Жетпейді екен өзіңе ешкім мүлде.
Үміт отын жанысам да,
Қайратымды қарысам да,
Әпкетай, қадіріңді кеш білгем бе.

Мейрамыңмен құттықтаймын, Әпкешім,
Бүгінгі күн айтылмасын өкпе-сын.
Тілегіңді бере көрсін Жаратқан,
Бақтың құсы қусаң дағы кетпесін.

Гүлдерге теңесем,
Гүлден де сұлусың.
Айға да теңесем,
Тым әсте жылусың.
Теңеулер табылмас,Әпкешім, өзіңе
Тілектер тілейін туған бұл кезіңе.
Өмірдің сынынан сүрінбей өте біл,
Тағдырың салмасын қайралған тезіне.

«Алдыңмен, артыңмен, 8-мартыңмен»,
Жолыға көр осы жыл өмірлікке жартыңмен.
Күндерің гүлдей жайнасын,әпкешім, аман-сау жүрші,
Қуантшы бізді әрқашан күлімдеген қалпыңмен.

Жат жұртқа кетіп барасың,
Мәңгілік сонда қаласың.
Қағылып сонда қазығың,
От-Ана болып жанасың.
Ана бол сүйген баласын,
Өсірші елдің данасын.
Сүйкімді, сұлу жар болшы
Үлгіге елің санасын.

Қонақ боп келдің үйге сен,
Ендігі кетіп барасың.
Келмейсің енді күнде сен,
Жездеммен таптың жарасым.
Әр күнде бірге күліңдер,
Әр күнде бірге жүріңдер.
Үлгілі отау құрумен,
Бақытты өмір сүріңдер!

18-ге толдың сұлу жасыңа,
Әпкетайым, бұлт төнбесін басыңа.
Ортамызда гүлдей жайнап өсе бер,
Бақыт өзі іздеп келсін қасыңа.

Әпкетайым, жақсы көрем өзіңді,
Мейрамыңда айтам тілек сөзімді.
Денсаулығың мықты болып күлімде,
АЛЛАМ саған берсін қайсар төзімді.

Екеуміз де ата-ананың баласы,
Үміт артқан тілегі мен панасы.
Бауырлармыз қанымыз бір жанымыз,
Айыруға ешкімнің жоқ таласы.

Аққудай әсем жетілдің,
Дегбірін жүрек кетірдің.
Әпкешім, міне, ендігі
Жездеме қимай кетілдім.
Отауың әркез биік боп,
Керегең кеңге жайылсын.
Балалар шулап ішінде,
Қонағың мәз боп тойынсын!

Мейрамыңмен, Әпкешім, құттықтаймын,
Сен дегенде тілегім тұрар дайын.
Ең бір тәтті күндердің қызығын көр,
Шаттығыңа мақтанайын мен әрдайым.

Құтты болсын,Әпкетайым, туған күнің,
Бір жасыңды мақтана жуған күнің.
Бақыттың базарында шат күн кешіп,
Әрқашан да үзілмесін думанды үнің.

Әпкетай, туған күнің құтты болсын!
Шаңырақтың шаттығы мықты болсын!
100-ге жетіп, отбасыңа бақыт қонсын,
Қазаның қымыз, шұбат, сүтке толсын!

Әпкетайым, өзіңді сағынамын,
Қоңырауды күтумен сарыламын.
Сенсіз маған бір нәрсе жетпейтіндей,
Іштен тынып, кейде айқайлап жарыламын.
Ұқтым,әпке, жаныма керегіңді,
Егейінші қасыңнан терегімді.
Қорған болмақ ниетің жан жылытар,
Шығарамын жүректегі терең үнді.

Арамыздың алшақтығы шамалы жас,
Сөйтсе де бағыт беріп боласың бас.
Біздердің бауырластық ақ ниетке,
Шыдамай ерір деймін зіл қара тас.
Мен бармын өзің үшін күюге де,
Қуаныштың қапшығын түюге де.
Бауырымсың жаннан ыстық жаратылған,
Әпкешім, лайықсың шын сүюге де.

25-тің толып асу беліне,
Тоқтапсың-ау ой-ақылдың көліне.
100 жақсылық, 100 ақ ниет тілеймін,
Қоныс тепкін бақыттың дәл төріне.

30-да, Әпке, ортаймасын көңілің,
Жап-жас болшы қартаймасын өмірің.
Бауырыңа бақыт гүлін құшумен,
Нұр-шуаққа толы болсын өңірің.

This entry was posted on 01.11.2013. Bookmark the permalink.

Обсуждение закрыто.