Анама

Өмірге әкеліп өсірдің
Жақсы істі басыма көшірдің.
Қарызбын өзіңе мәңгілік
Мейрамда ағымнан көсілдім.

Туған күнің тойлануда той болып
Көрген бейнет зейнет болып, ой толып.
Барлық жанның тілектері қабыл боп
Әумин десін періштелер мол толып.
Деніңізге саулық берсін Жаратқан
Сен сәулесің жерге нұрын таратқан.
Немере мен шөберені көп көріп
Дана қарт бол елді аузыңа қаратқан.

Ана деген атқа иесің керемет
Бар қасиет жүгін жиған сөрелеп.
Ана сенің мейрамыңда бүгінгі,
Бергім келер бақ тұлпарды өрелеп.

Балалардың панасы,
Ақыл-ойдың парасы.
Тәрбиенің бастауы,
Аман жүрші,Анашым!

Тал бесікті тербеткен ұйықтамастан,
Басқан жері әрқашан құтқа басқан.
Анашыма еркелеп пана тұтам
Сен дегенде арманым бұлттан асқан.
Қалай ғана қайтарам қарызымды,
Саған ғана өткізе алам арызымды.
Балаларын баптаған саулық тілеп,
Қадірлеймін,Ана, сенің әр ізіңді.

Қолыма қалам алдырған Жаратқанның сыйлығы,
Ойыма өріс кеңейткен Анажанның бұйрығы.
Шып-пыр көңіл күй кешкен бозторғай сынды қорғаным,
Жаныңда сенің жаманның бір тұтам болар құйрығы.

Туған күнде денсаулықты тілеймін,
Тек өзіңе шаттық тілеп күлейін.
Қабағыңды мұң шалмасын,жан Ана,
100-ге дейін өзіңменен күлейін.

Туған күнің денсаулықты тілейін
Әр жыл сайын бақыт тілеп жүрейін.
Балалардың қызығын көр,Анашым,
Бар арманың орындалсын тілеймін!

Арманым менің шалқайма
Қартайма,Анам,қартайма.
Тағдырың саған бақ беріп
Күлкінің ізін салғай да.
Қартайма,Анам,қартайма
Бақыттымын деші,жантай да.
Немерең өсіп,шөпшек көр,
Отаның толсын,ортайма.

Бүгін мейрам! Не тілейін,Анашым?
Көз жетпейтін биік тұрсың,дарасың.
Сөз жетпейтін әдемісің, әсемсің,
Адамзаттың бастауысың,данасың!
Бүгін мейрам! Не тілейін,Анашым?
Мына өмірден тапшы дейін жарасым.
Отбасының ұйытқысы,көркісің
Бізді бастап болашаққа барасың.

Іздесем теңеу таба алмадым саған лайық,
Есіміңнің қасында болам жай ық.
Ана деген ұлы атты берген АЛЛА,
Басқа теңеу тең келмес,бұл-ғажайып!
Мақтан тұтам өзіңді осы үшің де
Ана деген атқа иесің өз күшінде.

Адамзаттың бар ұрпағын таратқан
Әр ісімді өткізетін сараптан.
Қарызымды қайтарайын там-тұмдап
Ауыртпашы, бақ бере гөр,Жаратқан!

Көтеріпсің шыдаммен еркелікті,
Ерте жастан бала деп тер төгіпті.
Арқаң сенің қайысты-ау қиындықтан
Жастық күнің;Анашым,ерте өліпті.
Бүгін жалғыз жеттің-ау арманыңа,
Бақыттысың немереңнің болғанына.
Тек ауырма қалғанын бізге қалдыр
Бір көреміз тағдырдың салғанын да.
Қалмасын тек тістің ізі бармағыңда
Бізге атады бақыттың таңдары да.

Мейрам күні көңілді әсем ән керек,
Балаң бүгін күніңді әсем әрлемек.
Бар бақытты тілеймін деп өзіңе
Ендігі өмір қуанышпен сәндемек.

Қуат берер бір жаным бар әлемде
Жалғыз лайық барлық саулық-сәлемге.
Анашым-ау сағындым ғой өзіңді
Болсам да алыс сөзің шипа жан емге.

Көп ренжітіп аламын-ау сені,Ана,
Жүрем сосын опынумен мұңдана.
Кешір,Ана,кіналама балаңды
Әзірге осы сыйлар сыйым жыр ғана.
Өмірдегі ең асыл жан сен ғана
Туған күнің келе жатыр енді,ана,
Денсаулығын мықты болсын,күліп жүр
Құшағыңда еркелейін кең дала!

Әрқашан да күліп жүрші,Анашым,
Жан жетпейтін асқақ тұрған дара шың.
50 жасты еңсеріп те тастапсың
100 жасаңыз, маған өзің панасың!

Ана-мейрам, Ана-таза,таңғы шық,
Ана  десе атады әркез таң күліп.
Аналардан бастау алар жақсы істер
Тарихтардан айтар жартас жаңғырып.
Ана-шаттық,жүрер жерін сән қылып
Мінезіне қайран қалам,таң қылып.
Еркелігін баласының көтерген
Төзімділік Анажанға тән қылық.

Жамандықтан жиіркене қаштың да
Адалдыққа ашық қадам бастың да.
Балапаным,аман бол деп қорғайсың
Жұмақ кілті табаныңның астында.
Қарызымды қалай ғана өтермін
Ақымақтау мінезімді көтердің.
Қуанасың сәл биіктен көрінсем
Ана сенің тырнағыңа жетер кім.

Ана дейді жүрегім жарылардай
Еркелетсең мұңымнан арылардай.
Мейрамың құтты болсын мерейлеткен
Алыстан сәлем саған сағынардай.

Сізге деген тілегім таусылар ма
Әр тілек бар жаңбырлы тамшыларда.
Сансыз тілек тілеймін жақсылықтың
Әумин десін періште таң шығарда.

Әкеммен не көрсе де бірге көрген
Қиындықты жеңісіп бірге көмген.
Қуаныштың терегін бір көркейтіп
Шаңырақтың шыбығын бірге өрген.
Ана сізбен әдемі біздің үйде
Әдемі әнді ұластырар сәнді күй де.
Отасының ұйытқысы берекесі
100 жасаңыз әкемізбен мәңгі бірге!

Амандарым атойлаған тілегіңнен нәр алып
Сезімдерім серпіледі жүрегіңнен нәр алып.
Ана саған бар бақытты,бар бақытты тілеймін
Сенің арқаң жүргенім де адам болып саналып.

Мені әрқашан қолдаған бар ниетпен
Қос ішекті қосып тұрған тиекпен.
Бір сипасаң болғаны маңдайымнан
Жеңістердің таңы атады көк жиектен.

Күлімдеген көздеріңе сүйсінем
Құшағыңда еркелеймін күн сіңген.
Жастан жасқа аса бергін,Анашым,
Баласының бар қылығыны түсінген.

Бастау болар бұлақтың көзі,
Мен үшін заңды Анамның сөзі.
Қолыңда сенің жібекке айналар
Қораштау көрінген матаның өзі.
Алақаның сенің бейне бір ғажап
Тұрса да оны қиындық қажап.
Осынау жеткен белесіңде енді
Көрмеші,Анам, ешқашан азап!

Мақтан етем жеткен биік-белесіңді
Еңсең неткен жоғары еді кеме сынды.
Айтқан сөзің ақылдың бұлағындай
Толтырып алсам деймін тегешімді.
Мен,сірә, бола алам ба дәл өзіңдей
Арман қуам түн баласы бір көз ілмей.
Саулығыңды тілеймін әр таңдарда
Мұң атаулы көшіп кетсін бір сезілмей.

Таттың өмір тәтті,ащы,кермегін,
Сонда да алға құлаш ұра сермедің.
Балаларың үшін желге тік қарап
Өмір-дауыл құрсауына бермедің.
Қарыздармын,сансыз сенің еңбегің,
Қайғырмасын балам деумен терледің.
Мың алғыс та айтсам саған аз болар
Ауырғанда көз ілместен емдедің.

Жүрегіңде жамандыққа орын жоқ,
Анашыма айтар алғыс,тоным көп.
Бақытты боп күліп ойнап шаттаншы
Жүрген жерің сый-құрметті төрің боп.

Анама айтар тілегім таусылмайды
Ән салайын қолыма алып саз сырнайды.
Барлық асқақ арманың орындалсын
Тілекшімін, тілегім еш сарқылмайды.

Ақ батаңмен жолыма аттанғанмын,
Сөздеріңнен нәр алып шаттанғанмын.
60 жасың мерейлі құтты болсын,
Еңбегіңнің еленіп ақталған күн.
Мәртебеңнің мерейі сақталған күн,
Адалдықтың ары тағы жақталған күн.
Тағы бір 60 жасты жасап таста
Бақыт жеңіп қиындықтан тақты алған күн!

70 жасың құтты болсын бүгінгі күн мерейлі
Тілектерді айтайын бүлкілдетіп көмейді.
Ақ жаулығың ақылдың туы болған,Анашым,
Періштелер әумин деп тілегімді жебейді.
Шуылдассын айналып немерең мен шөберең
Шаңырағың шайқалмай кеңейсін тағы керегең.
Көретін әлі қызық көп, 100-ден ассын ғұмырың
Ортамызда отыршы ақылды беріп демеген.

Орман болсақ мәпелейтін сен бағбан,
Бағдар берген жұмақ кілті сен қағбам.
Тілек тілеп жақсы ниет әрқашан
Ең жақсы ән өлеңімді мен жазғам.
Құттықтаймын,Анашым,мейрамыңмен
Бақыттысың өмірден жиғаныңмен.
Бала-шаға қызығын бірге көріп
Әкеммен бақытты бол сыйладым мен.

Әлдилеп тербеп өсірдің
Қатемді әркез кешірдің.
Еркелеп саған жаныңда
Болғаныңда есірдім.
Көтердің бәрін төзіммен,
Аналық мейір сезіммен.
Өшпестей жақсы із қалды
Балалық балдай кезімнен.

Теңіздейсің  толқыған тылсымыңмен
Бәйтерксің өскен бала-бүршігіңмен.
Күлім күнсің гүлдеріңді мәпелеген
Жарық түнсің жұлдызыңмен жетелеген.

…-жасқа келдің сен бүгін
Ашып бақыт қонған үйдің түндігін.
Еңбегіңнің жемісін көруменен,
Ата берсін қуанышпен әр күнің.

Жатсам,тұрсам ойлайтыным,Анашым,
Қазір не істеп ,шыгып қайда барасың.
Жақсы ісіңді еске салып өткеннен
Күндерімнің көрем ақ пен қарасын.
Қыса алмадым бүгін сенің қолыңнан,
Мейрамыңда алыстамын жаныңнан.
Бар бақытты,денсаулықты тілеймін,
Қабыл алғын сәлемімді сағынған.

Қырықтың қырқасына жеттің,Ана,
Отбасыңа мейірім дәнін септің,Ана.
Шып-пыр боп баласы үшін тағат таппай
Тоқшылықтың шыбығын ектің,Ана!
Бағалаймын,мақтаймын бұл ісіңді
Саған орай шақтаймын мен күшімді.
Бақыттың отауында төрде жайғас
Әкемізбен ұзақ жаса кең пішімді.

Ананың орны бөлек бала үшін
Балаға тура таудай дара пішін.
Мейрамың құтты болсын,Анажаным,
Мейірімнің көрінісі дана мүсін.

Ұйқыдан көзім ашқанда
Алдымен сені іздегем.
Тәй-тәйлап қадам басқанда
Алдымнан үміт үзбеген.
Жан бар ма асқан өзіңнен
Жүрегіңнен сый ұқтым.
Отбасың болсын бақытты,
Төзімнен тасы биік шың.

Әсем сөзді кестелесем жүректен
Қазынаны қазып алсам күрекпен.
Сыйлап саған бәрін берсем қуантып
Бақытты жан болар едің тілекпен.
Керемет той бүгін бізде болуда,
Қуаныштың құсы келіп қонуда.
Отбасының мақтанышы,жүрегі,
Анажаным 60-жасқа толуда.
Тағдырың бақытты сый берсін баса,
Болмасын өміріңде мұңды таса.
Ортамызда ақыл беріп жүре бергін
Дәл осындай 60-ты тағы жаса!

Көктемнің шуақты күнінде
Әдемі мереке түрінде.
Өтуде нұр шашып бір мейрам
Анашым,әрқашан күлімде.

Анам деймін еркелеймін өзіңе,
Ұйып келем әрбір ақыл, сөзіңе.
Тәрбиенің тал бесігін тербеткен
Қарай берем мейірім толы көзіңе.
Туған күнің сенің бүгін қуанған,
Жасыңа жас қосылсын тек жүр аман.
Асқар тауым әкемменен қос биік
Болып жүрші,саған ғана жұбанам.

Түп шыңырау тереңдегі мөлдір бұлақ,
Жаныңа жатсам мамық,жасыл құрақ.
Туған күнің құтты болсын,Анажаным,
Алақаның сипаған бейне жұмақ.
Өзіңнен үйренгенмін өмірдің әр сырын,
Жақсы мен жаманның айырып бар жігін.
Үйретіп жақсыны талмастан шаршамай
Қолыма ұстатқан мәңгіге ар жібін.
Алдыңда бас ием,ардақты Анашым,
50-ді еңсеріп еңкеймей барасың.
Тек бақыт тауына шығуың бұйырсын,
Біздерге ес болып жүре бер,дара шың.

Түзу жолда жүріп келем ақылыммен
Шындықты тура айтасың батыл үнмен.
Жасыңыз құтты болсын,жан Анашым,
Әр таңыңыз ата берсеін шатты үнмен!

Наурыздың ең әсем күнінде,
Бұйырған мейрамың бүгін бе.
Құт болсын мереке-мейрамың
Анажан әрқашан күлімде.

Ештеңені аямаған баладан,
Әлемдегі ең сүйкімді дара жан.
Шын көңілден құттықтаймын мен сізді
Мейрамыңыз құтты болсын,Анажан!

Бесігінде түн баласы тербеткен,
Анажанның туған күні бұл көктем.
Денің сау боп,аман болсын шаңырақ,
Менің Анам, әдемі едің сен неткен!

Жер бетіне өмір дәнін себетін,
Ананы АЛЛА әркез жақсы көретін.
Сол Ананың мерекесі дәл бүгін
Шайқамайық Ана-өмір кемесін.
…-жасқа толған менің,Анашым,
Әлі күнге еркелеймін саған шын.
Қартаймашы,мәңгі жас боп жүре бер,
Бағып алда шөберенің баласын!

Алақаның ыстық күн ғой мен үшін,
Қиындықты жеңе білдің небір шың.
Сол белестер артта қалып бүгінде
Шат күлкімен қаумалайды ұл-қызың.
Қандай баөыт ортамызда жүргенің
Бейнетіңнен зейнет көріп күлгенің.
Әр жас сайын жасара бер,жан Ана,
Бізге бақыт ұзақ ғұмыр сүргенің!

Қуанамын сені ойласам алыстан,
Келгендей бір ыстық сәлем ғарыштан.
Бейнең сенің көлеңкемдей ілесіп,
Ақ пейілің адымыммен жарысқан.
Мақтан тұтам әрқашан да шаттанып,
Ұстай алсам берер едім бақты алып.
Сендей ешкім алып,сірә,бола алмас,
Шыдайсың-ай қолыңды алса шоқ қарып.

Туған күн! Келемін қуана,
Кіргенде алдымда түрды Ана
Жасыңыз құт болсын бүгінгі,
Ешқашан қартайма, жылама!
Ақ моншақ сыйлаймын мойныңа,
Гүл толсын мерейлі тойыңда.
Кетсем де есейіп,ес біліп
Баламын тек сенің қойныңда.

Аналарға айтылған ән таусылған ба,
Таусылмайды ешқашан ауқымды ән да.
Мейрамы Аналардың құтты болсын,
Жете берсін даңқтары сан қырларға.

Ана десем теңеу жетпес жанды айтам,
Әлемді әркез тербететін жанды айтам.
Жастан жасқа толған туған күніңде
Мәңгілікке саптанкетпес сәнді айтам.
Ана, жасың құтты болсын бүгінгі
Қабыл алғын мына әсем гүлімді.
Гүлдей жайна,көркем күлкі бейнеңмен
Сен күлгенде менің түнім түрілді.

Құтты болсын бүгінгі мейрамыңыз,
Әр күнде тек шаттыққа жиналыңыз.
Балалардың бақытына қуанумен,
Тағдырдан денсаулықты сыйға алыңыз!

Мейрамыңыз құтты болсын,Анашым!
Сенен алам мол тәрбие парасын.
Денсаулық пен қуанышқа кенеліп,
Әкешіммен таба білгін жарасым.

This entry was posted on 01.11.2013. Bookmark the permalink.

Обсуждение закрыто.