Раушан тойы

Раушан той – онжылдық бас қосу мерекесі. Бұл күні достар қонаққа шақырылады, барлығы қолдарына раушан гүлдерін ұстап билейді.

Құттықтау өлең:
Раушан гүлдей жұпар атқан жас отау,
Болсын дейік болашақта бас отау.
10 жыл толып мерейлі той болуда,
Бақыт келді құшағыңды аш отау.
Жұпар атсын раушан гүлдей өмірлер,
Қуаныштан тасысын тек көңілдер.
Ұл өсіріп, қыз өсіріп 10 шақты,
Махаббат пен сабырдан жыр өріңдер.

Тойға шақыру:
Раушан тойы бүгін бізде, халайық,
Тойға кел деп баршаға жар салайық.
10 жылдықта ақ ниетпен бас қосып,
Ағайын боп, дос-жаран бо қалайық.

Тойға шақыру:
Ағайын-дос, тойға келің ақ жүрек,
Ақ ниеттен жарып шығар бақ тілеп.
Раушан тойдың қуанышын бөлісіп,
Ақтарыңыз аппақ еділ ақ тілек.

Құттықтау:
Бір басып 10 жыл белесін,
Арқалап жүкті келесің.
Қосылған жұп жазылмай,
Бақыттың таптың кемесін.
Өмірің өгей демесін,
Бір АЛЛА қолдап жебесін.
100 жылдықты өткеріп,
Туажатқа бер есім.

Құттықтау:
Бақытты тауып баянды,
Жар бола білдің аяулы.
Жолдас та болдың асқар тау,
Екеуің төгіп саяңды.
Ұл-қызың өсіп жетілсін,
Тамырлар жайып, бекісін.
Шынардай алып ағаш боп,
Самалы шаттық есілсін!
Қос шынар болып, пана бол,
Аяулы ата-ана бол!
10 жылдың артып 100 жылға,
Ақ ата, әже дана бол!