Пожелания на казахском языке

Поздравления с днем рождения!

Туған күнің құтты болсын! Таудай талап, мызғымас сабырлық, қайтпас жігер, таусылмас талант, тамаша табыс, керемет кішіпейілділік, жайдары көңіл, ұзақ өмір тілеймін! Жадыра, жайна, күл, ойна, бақыттың сәтін күнде тойла!
________________________________________
Поздравления с днем рождения!

Құттықтаймын! Денсаулығың берік болаттай болсын, көңілің сүттей ақ болсын, жүрегің мөлдір судай таза болсын, өмірің шыршадай жасыл болсын, күндерің әсем гүлдей әдемі болсын, махабатың аққудай адал болсын, мәртебең таудай биік болсын!
________________________________________
Поздравления на казахском языке на свадьбу!

Үйлену тойларың құтты болсын! Болат қандай берік болса, денсаулықтарың сондай берік болсын, сүт қандай ақ болса, көңілдерің сондай ақ болсын, су қандай таза болса, жүректерің сондай таза болсын, шырша қандай мәңгі жасыл болса, өмірлерің мәңгілік болсын, гүл қандай әдемі болса, күндерің көркем болсын, аққу қандай махаббатқа берік болса, махаббаттарың сондай мызғымас болсын, тау қандай биік болса, мәртебелерің сондай биік болсын!
________________________________________
Поздравления на казахском языке  с днем рождения!

Бүгінгі қуанышың құтты болсын! Қуанышты сәт көп болсын, уайым-қайғы жоқ болсын, баланың қарны тоқ болсын, жігерің жанған от болсын! Жүзіңнен күлкі кетпей, өмірдің барлық жақсы қуаныштарының бәрін көруіңе тілектеспін!

________________________________________
Поздравления с днем рождения подруге!

Бақытты бол! Бүгінгі қуанышыңмен шын жүректен құттықтаймын! Арман-теңіз, мақсат-жағалау, ниет-бағыт, әрекет- ескек. Асқақ арманның толқындарында, мақсат жағалауына жақсы ниетпен бағдар алып, ескегіңді тынымсыз есумен, өзің таңдаған мақсат жағалауыңа жетуіңе тілектеспін! Басың аман, болып айналаңа шаттық нұрын шашып жүре бер!
________________________________________
Поздравления с днем рождения мужчине!

Керемет күнге керемет тілектер, адал ниеттер, кеңпейіл жүректер тілеймін! Әлемдегі 3 байлықтың барлығын саған тілеймін! Деніңнің саулығы бар байлығың, жанұяң зор байлығың, көп табыс мол байлығың. Әлемдегі төрт құбыласы тең ең бай адам бол! Бақытыңа ел қызықсын!
________________________________________
Поздравления с днем рождения женщине!

Бүгінгі жасың құтты болсын! Жаздай жайдар мінез, қыстай қатты денсаулық, көктемдей әдемі өмір, күздей жомарт көңіл тілеймін! Өмірің асқақ арман мен шалқыған шаттыққа толы болсын! Жүзіңе күлкінің толқыны үйіріліп, күлім көзіңнен нұр таратып жүре бер! Бейбіт күннің бақытқа толы ауасымен тыныстап, өмірдің бар қызығын көр!
________________________________________
Поздравления с днем рождения другу!

Құрметті, досым! Әр жыл сайын келетін туылған күн- енді қайталанбас жас пен бақытты сәт! Жасың құтты болсын! Әр жасың басыңа бақ болып келіп, әр жыл сайын биік армандарды бағындыра бер! Әр жыл сайын үйің жанға, қалтаң табысқа толсын! Әр жыл сайын мәртебең өссін! Әр жыл сайын бақытты сәттерің арта берсін!
________________________________________
Поздравления с днем рождения другу!(подурге)

Асыл, досым, бауырым! Біздің әр жылы бір жасқа толып, бір жасқа есейіп қуанғанымыз алдымен Жаратқанның, содан соң ата-анамыздың арқасы. Ашық аспанның астында өткізген әр күнің бақыт әніне толы болсын! Дұшпаның еш жоқ болып, достарың тым көп болсын! Әлемді тербеткен Анаңды сыйлап, жұмақтың кілтіне жетуіңе тілектеспін! Арманың ешқашан да алдамасын!
________________________________________
Поздравления с днем рождения на казахском языке!

Туған күніңмен құттықтаймын! Әр секундың мәнге, әр минутың сәнге, әр сағатың әнге, әр күнің күлкіге, әр айың арманға, әр жылың жеңіске, ғасырың ғаламатқа толы болсын! Уақытың-бақытың. Жеңісті де, жемісті күнің көп болсын, жолың гүлге толсын, басыңа бақытың қонсын, қалтаң ақшаға толсын!


 

Поздравления с днем рождения другу!

Досым, туған күніңмен! Өмірдің белгілі бір кезеңін бірге өткізіп, бір қайғырып, бір қуанып, бір жұбанып, бірге күлдік. Өзіңдей адал досымның барына рахмет деймін! Достарың көп болсын, өмірің 100 –ге жетсін, бақыт құсы өзіңді таңдап қонып, бақыт теңізінде мінген кемең үнемі жеңісті жағалауға жеткізіп отырсын!
________________________________________
Поздравления с днем рождения коллеге!

Жұмыстас әріптесім, өмірдегі сырлас досым, туған күнің құтты болсын! Бақыттың бағы құт болып қонсын! Жүрген жерің жанашыр досқа толсын! Байлық тасып несібелі асқа толсын! Туған күнді жылда тойлап, бір жылдары жасың 100 деген жасқа толсын!


 

Поздравления по работе!

Жұмысың жемісті болсын,
Жеткенің жеңісті болсын!
Ой-арман өрісті болсын,
Болашақ келісті болсын!


 

Поздравления на все случаи жизни!

Армандарың көп дейді ғой, көп дейді,
Арман барда сенім гүлі көктейді.
Мақсат деген анау тұрған жағалау,
Ниет деген кеме мініп жет дейді.
Сенде болсын арман деген гүлің де,
Мақсат деген жағалауың бүгінде.
Ниет деген кеме сені мінгізсін
Көңіл толып қуанышта күлімде.


 

Поздравления другу на день рождения!

Досым, саған тілеймін
Денсаулықты темірдей,
Ұзақ жолды өмірдей,
Жүрсін қайғы сезілмей,
Жүрек жүрсін езілмей,
Ғашығың жүрсін көз ілмей,
Әр күнің бақыт кезіндей,
Шарпысын бұлақ көзіндей,
Дос болсын темір төзімдей,
Сылдыра сылқым сезімдей,
Жан жарың болсын өзіңдей,
Өмірді сүр безінбей,
Мәртебең өссін көз ілмей!


 

 

Поздравления другу.

Достар, достар, ешқашан да айрылмай,
Бір жүрейік қиындықта қайғырмай.
Бір бөлейік қуанышты, шаттықты,
Биік таулар болсын бізге жай қырдай.


 

Поздравления по работе.

Табандылық қасиетті көрдім сенен,
Жеңісті жағалауға жетті кемең.
Қызметің әр жылда өсе берсін,
Қуаныштан екі елі жетпей төбең.


 

Поздравления на свадьбу.

Бір арманды, бір мақсатты алыңдар,
Ғашық гүлден бүршік алып жарыңдар.
Үлкен отау үбір-шүбір үй болып,
Бақытты өлке жерден отау салыңдар.
Жаңа отау сендерден басталады,
Жаңа жолға салыңдар жас қадамды.
Бақыт құсы байланған отбасы боп,
Көркейтіңдер Отау деген астанаңды.


 

Поздравления на свадьбу.

Көңілдерден тауып бірге жарасым,
Қол ұстасып алға бірге барасың.
Екі жасқа бақыт таңын тілейік,
Молайтатын сәбилердің қарасын.
Тойларыңыз құтты болсын екі жас,
Қонақ келсе қабақ шытпай есік аш.
Аман-сау боп, қуанышпен күліңдер,
Әр жыл сайын бастарыңа қосып бас.


 

Поздравления на свадьбу.

Асулардан енді бірге өтерсің,
Бірге жеңіп қиындықтан кетерсің.
Тойларыңның басы болсын бұл тойың,
1000 тойға да шатты өмір жетерсің.

This entry was posted on 10.01.2016. Bookmark the permalink.

Обсуждение закрыто.