Қадір түні

Қадір түнін күтеміз тілек тілеп
Үмітті болашаққа сүйеп,тіреп.
Қабыл болсын Қадір түнгі ниет тілек
Нұр шашсын, иманды боп барлық жүрек.

Күндізгідей жарық еткен бір сәтке
Қадір түнін бұйыртсыншы Жаратқан.
Бар тілектер орындалар сол сәтте
Енсін шуақ жүрекке нұр таратқан.

Алла берген түндердің ең ұлысы
Оразада орындалар бұл ісі.
Бар тілекті берсін Алла бүгін түн,
Келсін үйге береке мен ырысы.

Қадір түнмен ырыс келер, бақ келер,
Ниет етсең бар тілекті ап келер.
Жаратқанның берген сыйы Қадір түн,
Таза ниет жанға ғана  тап келер.

Мен көргенмін Қадір түнін Алланың ,
Балалықпен қорқып естен танғанмын.
Бар тілекті бере гөр деп ініммен,
Содан кейін тілегімді жалғадым.
Саған тілеймін Қадір түнін көрсін деп,
Жаратқаным тілегіңді берсін деп.
Тілегі ақ, жүрегі пәк, жан досым,
Саған да бақ күле қарап келсін деп.

Мұхаммедтің үмметіміз мұсылман,
Жалғандықты жолдарынан ысырған.
Қадір түні ниет еттік Аллаға,
Күн болмасын қайғы-мұңнан қысылған.

Айлардың сұлтаны бұл Рамазанда,
Үмітпен күтер түнді көрер таңға.
Жалғасып ниеттері, тілектері,
Жақсы істер құйылады жақсы жанға.

Қадір түні жақсы армандар тілейік!
Адамзатқа тілекші боп жүрейік.
Жаратқанның рахымы енген жандар боп,
Бірлік пенен барлықта өмір сүрейік!

Кім тілесе жақсы тілек, ниеттер,
Сол адамды періштелер иектер.
Салауатты айтып жанға мадақтар,
Қадір түні тазарыншы жүректер!

This entry was posted on 01.11.2013. Bookmark the permalink.

Обсуждение закрыто.