16-желтоқсан. Тәуелсіздік күніне

Бір кездері бодан едік өзгеге,
Тұншығатын шыңдық тұрса көз көре.
Шүкір, қазір Тәуелсізбіз, еркінбіз,
Өзгеменен тұрар теңдей терезе.

Тәуелсіздік талай жанның арманы,
Болып еді көре алмай жалғаны.
Біз ұрпағы көрудеміз сол күнді
Бізге де АЛЛА еркіндікті жазғаны.
Бейбітшілік құсы биік самғасын,
Қыранымыз қияларда талмасын.
Шатты өмір шуақ шашқан осынау,
Ұрпағымыз келешекте жалғасын.

«Желтоқсанның желі» соққан сен үшін,
Жастар жанын беріп батқан сен үшін.
Тәуелсіздік сенің құның өлшеусіз,
Төккен тердің дәмін татқан жемісің.

Көк аспанда желбіресін көк байрақ,
Мәртебеміз елден ассын атойлап.
Патшалығын құрсын мәңгі тыныштық,
Қуанышын қамсыз жүрсін жан тойлап.

Бір күндерде жеткізбестей биік ең
Құрбандарды жолыңа мол үйіп ең.
Арман тудың астына алып елімді,
Елім деген ерлеріңді жиып ең.

Армандардың арқасында атты таң,
Өз еліміз, өз жеріміз, болды заң.
Тәуелсіздік мәңгілікке жалғассын,
Бейбіт күнмен бірге салып әсем ән.
Тәуелсіздік бізге келді тар жолмен,
Адалдықты азаматтық ар қолмен.
Қазақ деген еркін халық атандық,
Қонақ сыйлар сияпатты бар тонмен.

Келешекке  кемел ел боп өрлейік,
Жеңістіктердің алдын жанға бермейік!
Елім тыныш бақуатты – бай болып,
Қияларға қанат талмай сермейік.

Кедергіге қарамас сел болып,
Байлығы тасыған жер болып,
Жүрейік, күлейік,  сүрейік,
Бірлігі жарасқан ел болып.

Аңсаған арманға жеткен күн,
Тәуелсіз тұғыры, күні атып өткен күн.
Мерейлі мереке құт болсын,
Бораннан тайғақтан кеткен күн.

Тәуелсіздік келген жоқ оңай бізге
Армандап өтті қыс, жаз, көктем, күз де.
Егіліп еркіндік деп, талай жандар
Қалмап па ед денелері есссіз түзде.

Тарыдай шашылмап па ед жер бар әлемге
Елім деп жылаған ұл талай елде.
Еркіндіктің ауасын бір жұтпады
Маңдайына жазылған көрер пенде.

Сол түнектен өтті қазақ таңы да атты
Жаратқан еркіндіктің шамын жақты.
Жарқырап аспан асты, ел күлімдеп
Жас күдікті көңілдерді дамылдатты.

Еркіндік, есер желің жұмсақ бетке
Ата-бабам төкпепті терін текке.
Жаратқан қуат берші, абырой бер,
Еркіндік, біздің бастан енді кетпе.

Тәуелсізбіз, тәубе дейік бұл күнге
Тым сүйсіне қарап тұрмын бар гүлге.
Болашағаң жарқын болып бағынсын
Саған ғана әлемдегі бар мінбе.

This entry was posted on 01.11.2013. Bookmark the permalink.

Обсуждение закрыто.