Соңғы қоңырау

Жас өскін болып кіріп ең,
Тал-терек болып қалыпсың.
Таң қалып күнде жүріп ең,
Сабырға салмақ салыпсың.
Білімнің алып бастауын,
Аттанбақсың қияға.
Толтырып тағылым астауын,
Келіп тұр алтын ұяға.

Соғылды соңғы қоңырау,
Гүл толып тағы омырау.
Келіп ем кеше мектепке,
Қия алмай енді жамырау.
Ұстаздың көңлі түсіңкі,
Қимайтын бізді пішінді.
Достарым ұштың қияға ,
көрсетші барлық күшіңді.

Алға аттаған ақ сапарың оң болсын,
Білім қуған қадамыңа жол болсын.
Адаспай тап арманыңды алдағы,
Алар сыйың өміріңде мол болсын!

Армандаған мамандыққа қол жетсін,
Бақытың ба, алдыңды орап ол да өтсін.
Қиындықты көрмей, білмей өмірде
Бақыт-бесік құшағында тербетсін.

Достарымнан уақытша алыстадым,
Аман болың, кластасым, арыстарым.
Арманым таудан биік, соған жетем,
Қадам басып адымды қарыштадым.

Асығып сонша күтіп ем,
Қай кезде мектеп бітірем.
Соншама сеннен қашыппын,
Өкініп жерге түкірем.
Өмірім өрнек салыпты
Жастығым жайнап жаныпты.
Қайтара келмес күндерім
Мектебім сенде қалыпты.

10 жыл өмір артқа тастап жиналдық,
Сағыныстық, іздеп досты қиналдық.
10 жыл өрнек салып біздің жүздерге,
Әке-ана, келін деген сыйды алдық.

Ойнап едік асыр салып қайғысыз,
Отырмаппыз шуылдасып жай үнсіз.
Есте қалып сонау жылғы балалық.

Соғылды соңғы қоңырау,
Сыңғырлы үнмен қоштасып.
Сәттілік тілеп түлекке,
Қимастық үні қоштасып.
Аттандық бақыт сапарға,
Ұстаздан тілек бата алып.
Қосылып үлкен қатарға,
Келерміз Адам аталып.

Бір кезде алғашқы рет келіп едік,
Білімнің дәнін сенен теріп едік.
Аман тұр, алтын ұям, ұстаздарым,
11 жыл зымыраған өтті желіп.

Соңғы соққан қоңыраудың үнінде,
Естілетін менің бала күнім бе.
Осіппіз-ау елге керек жан болып,,
Сыныптасым, гүл-өмірде күлімде.

Алтын ұя мектебім,
Өзіңде өсіп көктедім.
Сусындап білім нәрімен
Қарызым саған көп менің.

Ұстазым, кең пейілді, ұлағатты,
Арқаңда сіздің асау бұлақ ақты.
Тәрбиең, тәртібіңді тағылым қып,
Атақты асау өзен құлап ақты.

Қоңырау сағындырар енді мені,
Анық үнің  елестей естілері.
Сыныптас достарыма сәтті сапар,
125 балл болсын тестілері.

Қуанысып, бала боп шулап едік
Жас өркен боп махаббаттан тулап едік.
Соғылды қоштасар үн қоңыраудың
Өтіпті мектеп күнім зулап өтіп.
Қимаймын сыныптасты бірге өскен,
Әр жылда әр сыныпқа бірге көшкен.
Өмір-мектеп сабағы таусылмайтын,
Күнделігің толсын тек ылғи бестен.

Қанат қақтың ұядан,
Көрінші әркез қиядан.
Арманға жеткен жан болшы,
Бақыттың нұрын жия алған.

11 жылдық тәрбиең қазығың болсын,
Өміріңе жетерлік азығың болсын!
Білімің жаннан асқан, асып-тасқан,
Өзгелерден от бойы озығың болсын!

This entry was posted on 01.11.2013. Bookmark the permalink.

Обсуждение закрыто.