Ораза

Оразада ниетің қабыл болсын,
Отбасың бақытпенен жанға толсын!
Алланың нұры жауып пендесіне
Несібең кетпестей мол малға толсын.

5 парыздың бірі келді Ораза,
Ауыз бекіт таңмен тұрып таласа.
Сауабыңды молдан берсін Жаратқан,
Тәнің тұрсын жаныңменен жараса.

Оразада қабыл болсын тілектер,
Тазарынсын иман жиып жүректер.
О, Жаратқан, Мүбәрәк қып осы айды,
Денсаулық бер, несібені күреп бер.

30 күндік Ораза жанға парыз,
Айтасың ертеңгі күн не деп арыз.
Ұстаған Оразаңыз қабыл болсын,
Сауап боп мойындағы жиған қарыз.

Оразада тозақ есік жабылар,
Жаратқанға пенде иіліп табынар.
Кім парызын өтесе Алла алдында,
Жүрегінде имандылық табы бар.

Оразаның сауаптары көп болсын!
Елім тыныш, отбасылар тоқ болсын!
Бейбітшілік орнасыншы, Жаратқан,
Еш пендеде уайым-қайғы жоқ болсын!

Жаратқанның бізге берген ай-күні,
Оразаның берері көп, байлығы.
Қабыл болсын тілектерің, ниетің
Ұмыт мәңгі, кездестірме қайғыны.

30 күн тән тазарар, қан тазарар,
Қыңыр мінез жоғалар жан мазалар.
Жын-шайтан кісенделер, тозақ жабық,
Күнәларың кешірілсін, һәм жазалар.

Аллахтың рахымы мен нұры жаусын
Естілсін азан айтып сенің даусың.
Оразаның 30 күні мың сан сауап,
Адал дәнді өсірер сен бір баусың.

Кім ораза тұтса сыйлап АЛЛАны
Ана өмірге  1001 сауап алғаны.
Ниеттерің қабыл болсын тілеген,
Естен кетпес мына өмірдің жалғаны.

Обсуждение закрыто.