Ораза айт

Оразамен тойлап жүрміз айт күнін,
Мұсылманға қуанышты жайт бүгін.
30 күндік Оразадан кейін той,
Ағайындар қонақ болып айт күлің.

Айтыңменен құшақтайын кел бері,
АЛЛА адамды оразамен емдеді.
Бақыт беріп, шаттық беріп біздерге,
Сауап беріп, айт күніндей той берді.

Айт күніңмен құттықтаймын дос-жаран,
Мұсылмандық тойларың бұл құптаған.
Айттан айтқа жетіп бірге жүрейік,
Болып иман туын төмен жықпаған.

Айт күнінде кіріп жүрміз бар үйге,
Бақыт тілеп есігі ашық әр үйге.
АЛЛАҺ қолдап берсін саулық, несібе,
Берсін бақыт көрік берер сән үйге.

Жарапазан ай    тып жүрген балалар,
Ақылдыға, имандыға саналар.
Бақыт тілеп, шаттық тілеп әр үйге,
Айт күнінде АЛЛАҺ нұры таралар.

Айт күніңіз құтты болсын, достарым,
Жақсы ниет, игі істі қостадым.
Жаратқанның жылуы еніп үйіңе,
Аман болсын несібелі бастарың.

Айт күніңіз құтты болсын, ағайын,
Жақын-туыс бақытыма балайын.
Айт күнінде бақыт тілеп өзіңе,
АЛЛА әкелсін ақ таңдардың арайын.

Айт күніңіз құтты болсын, мұсылман,
Мейірімді хақ жолына ұсынған.
АЛЛАҺ саған разы болсын әр күні,
Дұшпан сұғын қадамасын тұсыңнан.

Айт күніңіз құтты болсын, дос-жаран,
Несібеге толсын әркез тостаған.
Жаратқанның мейірі түсіп өзіңе,
Әр жылыңда келсін өмір қос балаң.

30 күндік Оразаның мейрамы,
Бізге көп қой Хақтың берген сыйлары.
Айт күнінде аралайық әр үйді,
Кешірімді жанды АЛЛАҺ сыйлады.

Айттан айтқа жетіңдер,
Қиыннан қамсыз өтіңдер.
АЛЛАҺ берсін мейірін,
Иман толып бекіңдер!

Обсуждение закрыто.