Алғашқы қоңырау

Құтты болсын қадамың ,
Таудай болған талабың.
Тек 5-тіктер ала бер,
Мектепке барған, қарағым.

Кітаптан алып тәрбие
Байысын асып жан-дүние.
Сыныбыңа сыйлы бол
Жан салмай алға ән-күйге.

Таудай болсын талабың
Үлгілі болсын сабағың.
Озат болып оқушы
Жазғыш болсын қаламың.

Әліппені аштың алғаш оқушы боп
Алғыр бол білім нәрін тоқушы боп.
Достарыңның алды бол оза шапқан,
Мақтасын апай озат оқушы деп.

Соғылып алғашқы қоңырау,
Шаң толды бөлмеге қаңырау.
Ұстаздар қарсы алды қуанып,
Гүл толды құшаққа омырау.

Асып ап сөмкеңді арқаңа ,
Отырдың алғашқы партаға.
Таң қалып бәріне қарайсың,
Ілулі тұрған бір картаға.

Жетектеп үміт кемесін,
Томпаңдап еріп келесін.
Еркем-ау, есейіп қалыпсың,
Көп болсын асатын белесің.

Күтіп едім осы сәтті күн сарылып,
Үміттің жібін жиып, түн арылып.
Мектепке барды менің,құлыншағым,
Кететіндей жүрегім шын жарылып.

Той етейін дүбірлі елді жиып,
Бақыт тілеп, бекемдеп белді түйіп.
Алғашқы қоңырауың құтты болсын,
Қуаныштан қоямын сені сүйіп.

Ата-әженің еркесі,
Ата-ананың серкесі.
Мектепке барды алғашқы,
Бастайтын ерім ел көші.

Кітабыңа сен қуана қарайсың,
Қаламыңды қайта-қайта санайсың.
Сен қуансаң сенен ары қуанам,
Жүрегіме жылу берген арайсың.

Мектеп формаң қалыпты жарасып-ақ,
Тұрғандай көркің гүлмен таласып-ақ.
Сөмкеңді жиі ұстайсың сипап қойып,
Талабыңның қасында тау аласарақ.

5-ті алып 11жыл үзбей санын,
Ата-анаңды қуантшы, алғыр жаным.
Тойлайын әр жылыңды ағайынға,
Тілек тілеп өзіңе атқан таңым.

Қолыңда гүлің жетектеп сені келемін,
Жолында тілеп ақ жолды саған сенемін.
Бір саты басқан қадамың, күнім, құт болсын,
Көп болсын елге, жеріңе жинап берерің.

1-сынып. Көбейіп жаның достарға,
Сандарды санап, қызықтап алып қосқанға.
Әліппе жаттап, білімге терең бойларсың,
Озат бол, ойлы оқушы болшы жасқанба.

This entry was posted on 01.11.2013. Bookmark the permalink.

Обсуждение закрыто.