Лағыл тойы

Лағыл той – қырық жыл өткеннен кейінгі мереке. Бұл күні сыйланған алтын сақинаға махаббат пен жалынның белгісі – лағыл орнатылған болуы шарт.

Құттықтау:
Қиындықты кешіп өтіп елемей,
Бірге шаштың өмір-дәнді себелей.
Бақыт құсы шаңыраққа кеп қонсын,
Бірге жүзің теңіздерде кемедей.
40 жыл 40-ақ тек күндей болды,
Жұп болып жарасымды күндей толды.
Тағы да 40жылды еселеумен,
Көріңдер дүниенің күнін оңды.
Ортаймасын көңілдер, қартаймаңдар,
Немере, шөберемен той тойлаңдар.
Отбасыңның шаңырағы биіктесін,
Несібе тассын күнде ортаймаңдар.

Құттықтау:
40 жылда жинап бақыт гүлдерін,
Сыйлы болдың алдын бермей жүлденің.
Балалардың бағдаршамы болыңдар,
Шаттық болып шашылсын әр күлгенің.

Құттықтау:
40 жылдың артқа тастап елесін,
Жарасыммен болашаққа сенесің.
Ата-Әже боп немерені көріңдер,
Армандарың болып алтын белесің.

Құттықтау:
40 жылда Ордаға үлкен айналдың,
Немерені қонақ ете сайландың.
40 жылдың тағы 40-ын жасаңдар,
Сендер барда Ордаң шатты, жайнар күн.

This entry was posted on 15.01.2016. Bookmark the permalink.

Обсуждение закрыто.