Әр күн бақыт

Әр күн бақыт, әр күн атар шаттықпен,
Байқамаймыз оны біздер аптықпен.
Жете алмай дүниенің түбіне,
«Әттең» дейміз ораларда ақтықпен.

Қараңдаршы, қалай атар таң деген,
Нұр келеді тіршілікке нәр берген.
Ала келер жаманды емес жақсыны,
Қараңғыны жарық сәуле һәм жеңген.

«Күн ыстық»  деп қашамыз-ау  «жаман» деп,
«Дұрыс күн жоқ күнде былай қараң» деп.
Дұрыс па өзі табиғатты тілдесек,
Берері жоқ әдемі күн сараң деп.

Аспан тұрар нұрын жауып күркіреп,
Жер-Ана да сыйлап жатыр гүл тілеп.
Тал-теректер неткен көркем, сәнді еді,
Сұлу бұлақ сылаңдайды мөлдіреп.

АЛЛА бәрін адамзатқа сыйлады,
Бар жағдайды бір біз үшін жинады.
Өмір неткен қиын дейміз ұялмай,
Кей адамдар көр соқыр боп қинады.

Не жазығы бар өмірдің соншама,
Кінәлісің өзіңді-өзің боршала.
Бәрі жақсы болад дейік өмірде
Мұңды әкеліп жан-жағыңды қоршама.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_bye.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_good.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_negative.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_scratch.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_wacko.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_yahoo.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_cool.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_heart.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_rose.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_smile.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_whistle3.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_yes.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_cry.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_mail.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_sad.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_unsure.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_wink.gif