Қаһарлы қыс келді ме ішке, міне

Қаһарлы қыс келді ме ішке, міне,
Үрлейді үлкен үнмен күшке міне.
Адасып айдалада қалғаным ба,
Осылай жаным жүдеп үскенім бе.

Айдың күннің аманында адастым ба,
Өмірім, ниетіңмен таластым ба.
Сен салған жолмен жүрмей қарды күреп,
Ұнамайтын сөзбенен жақ аштым ба.

Күндеріңе күрмеліп санастым ба,
Сыртымда үй, ішімде шалаш мұнда.
Момын мінез кейіпте моп-момақан,
Қарайлап қабағыңа қарастым ба.

Бұзғым келер мендегі тыныштықты,
Бәрібір соққыла да, ұрыс тіпті.
Ендігі арманымнан қайтарым жоқ,
Қиялым қанатыма қылыш тықты.

Асылып ай, күндерге тыным еттім,
Жамылып жыл корпені өмір өттім.
Жалтақтап көп бақаның көңіліне,
Мекенімді қараңғы жылым еттім.

Өзеннің қозғалатын кезі келді,
Маған да бір бұла күш сезіледі.
Қашыңдар бас қатырған көп бақалар,
Шындықтың қырында бас езіледі.

Кей кезде буырқанам, тына қалам,
Жүгірем де, қалт етіп тұра қалам.
Тасып өткен өзендей селдеп келіп,
Бір уақытта әлсіз бұлақ жылап ағам.

Бірде көл де, бірде шөл күйін кештім,
Қай кездерде осы мен түйін шештім?
Тамырымның қағысын сезбей қалып,
Тағдырымның түйіткілін түйіндестім.

Көп құладым, көп болды енді ұққаным,
Көрдім де сумаң көздің қол сұққанын.
Қанжарым бар өткір сөзге суарылған,
Сумаңдарға болады сол тыққаным.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_bye.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_good.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_negative.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_scratch.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_wacko.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_yahoo.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_cool.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_heart.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_rose.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_smile.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_whistle3.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_yes.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_cry.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_mail.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_sad.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_unsure.gif 
http://tilekter.kz/wp-content/plugins/wp-monalisa/icons/wpml_wink.gif